Қарапайым, қарабайыр, қалыпты өмір. ~ Мал қайырып, бие сауғызып айқайлаған кісілердің даусы да бағанағыдай емес, айқын да, ажарлы шығады. Жайлау кешінің қоңыр тіршілігі біртін-біртін айшықтана түскендей. О.Бөк. ~ «Қой‚ — деп өзін-өзі тоқтатты Ақиқат‚ — патриот болмай-ақ қоңыр тіршілігімнен қол үзбейін. Патриот болу мен сияқтыларға қол емес?!» Қ.Түм. ~ Одан бері де заман өтіпті. Бала кезіңде көргеніңнің бәрі ертегідей. Ер жеткен соң өмірдің бояуы оңып, қоңыр тірліктің қоңылтақ тырпылы басталады. Қ.Ысқ. ~ Алматы алыс. Жылына бірер барғанмен, қонақ боп бастап, елдегі қоңыр тірліктің ырғағын бұзып, қалың ақын-жазарманның ортасында шайқала шауып, қайтасың. С.Сағ.
