Жұрт қатарлы; біреуден алда, біреуде кейін өмір кешу туралы. * Жұманның жалғыз ағасы Мұқа Аягөзге жақын бір ауылда, үйлі-баранды дегендей, өз алдына қоңыр төбел тіршілік етіп жүрген. К.Сег. ~ Бала-келіні, саздауға біткен құба талдай боп бойжеткен қызы, екі-үш немересі бар-тын. Қоңыртөбел тірлікпен күн көрген жанұя. Баласы – шетелдік мұнай компаниясының жұмысшысы. Келіні базарда сауда жасайды. Р.От. * Оның бар тілегі: мынау қоңыр-төбел тірлігінің бұзылмауы, аспанын бұлт торламауы, бейбіт болуы, тапқаны жұтқанына жетуі, ешкімге көз алартпай, ешкімнің көз алартқанын да көрмей екі ұлын екі үй ғып шығарып, жарық дүниенің маңдайға жазған ырыс- несібесін теріп жеу еді. С.Смат.
