Жолы болғанда, алланың жазуымен д.м. ~ Құдай абиыр бергенде, Сақау апамыз жүгіріп келіп, баласына ымдап, қолын түрлі-түрлі ербеңдетіп, саусақтарын ойнатып, біз білмейтін тілде сөйлесті … Ш.Мұр. ~ Құдай абиыр бергенде, СIМ-нiң Консулдық қызмет департаментiнен келген қарындасымыз Қытайдағы қазақтар және олардың Отанға оралуы жөнiнде көп кедергiнiң бар екенiн тәптiштеп айтып, Хибратолла Ермекұлының назарын аударғандай болды. А.Мұқ.
