Еш хабар жоқ; өзі түгіл ізі де жоқ. * Бірақ сонда да гүбірнелік қала жігіттен жұтағандай. Бар еркегі өмір қызығын тауысып бітіріп, жәрмеңкесін таратқандай… Күйеу болар жігіттің құлағы да көрінбейді. М.Әуез. ~ Құйысқанға қыстырылатындай басқа оқиғаның құлағы әзірге көрінбейді. Әйеш, көкем, мамам, Қасен, Семейхан, Ғайшалар осы ғасырда жер басып жүрсе, ондай оқиғаның кездесіп қалатынына еш шәгім жоқ. М.Қаб.
