Адымдап, ширақ басты. ~ Құдды мультфильмнен келген адамдай қалт-қалт етіп, қораның о шеті мен бұ шетіне құлдыраң қағады. Мұндай адамға ат ұстатқанды қойып, маңайына жуытар ма? Д.Әш. ~ — Қанат, сен бар да ана иттiң шынжырын ұзартып, дарбазаны жап. — Пәрмендi үнмен иек қақты. Баласы сөзге келген жоқ, құлдыраң қағып, шапты да кеттi. Ә.Ыб.
- Қутың қақты, қутыңдады. ~ – Әй, бір қарық болып қалар едік, – деп Шалғымбай құлдыраң қақты. I.Жанс. ~ Аспан мен жері астасса тұтасып арбай, Бұлттары қандай бұ жақтың, бұтасы қандай?! Құлдыраң қақса құлыны құлан иекте –
Құба жондармен жосылып құт асығардай. Ғ.Жай. ~ Құлыным құлдыраң қақса, қоңырау күмбіріне ілес, Қарауыл қадап қояйын, қаламға гүл тағайын да. Г.Әб.
