Мәз-мейрам болып, асыр салды, дүр сілкінді. ~ Бағана шаршап салдырап қалған денеде қажыған белгі жоқ. Құр аттай ойнақтап, бала күнгідей секіре бердім. С.Жүн. ~ Кейбір жолдастары: «Қардың басын қар алады, ханның басын хан алады, кешегі ішкеніңнің тең жартысын тастап жіберсең — құр аттай ойнақтап шыға келесің!» — дегені рас… Б.Тоғ. ~ …Әйнекті үйге кірген Дональд екеу болып шықты. Ақан жаққа бұрылып қарамады, өзара ажың–күжің. Реддиді адам танығысыз. Комбинезонын сыпырып тастап, сыптай киініп, құр аттай ойнап шыға келіпті. М.Қаб.
