Жәй ғана рахметін айтты, басқа сый-сияпаты болмады. ~ Қытайға көрсеткен шоласыз еңбегіне Жапан жәй ғана алғыс алды, құрғақ алғыстан басқа Қытайдың берері болмады, құр жын қолаңымен Жапан адамдарын сауырдан сипап қоя берді. Ж.Айм. ~ Шешем ләм-мим деген жоқ, тегі бір шатақтың болғанын іштей сезсе керек, «рахмет, жақсылығың құдайдан қайтсын» деп құрғақ алғысын білдірді. Қ.Ысқ. ~ – Мына жігіт шынымен ақын екен. Елден былай шыққан соң «Смағұлға серік болып, еріп, еліне барып едім, ағайындары құр сылдыр сөз, құрғақ алғыспен бос қайтарды» дейді ғой. Киімі көнетоз көрінеді. «Көп түкірсе – көл» деп, біраз қаражат беріп жіберейік. А.Жақс.
