Жіңішке ғана, өте ықшам. ~ Иесіз үйге келген туыс–туғандары қымызын ішіп, қашан, кім келгенін айтып, құс тіліндей қағазға хат жазып қалдыратын. С.Дос. ~ Сонда Есенханның жансыздары оны біліп қойып, «Алмамбет бізден қашты!» – деп, құс тіліндей хат жазып, қарғадан беріп жіберген екен. Қарға Есенханның ордасына қайырылып тастап кетеді. “Қ.Ерт”. ~ Бәтима жеңгесі жаңа жылға арнап әзірлеген майтоқаш, шекшекей, құс тіл, самсаларын қайнысының аузына тосып, әр түрінен омырып әкеліп алдына жайып салды. Х.Рах.
