Шаршап-шалдықты, зорығып, болдырды. * «Екі кеменің құйрығынан ұстаған суға кетеді». Әрі қыз, әрі білім деп қызыл май болмайын. Біріне ғана тоқтайын. К.Қаз. ~ Алаңға шыққан соң Нұрекең аттың делебесін маған берді: — Кәні, мына жазықта
біраз жүргізіп көр. Өзі біраз желген соң ауыздықты тістеп ала қашуға тайынбайтын тәрізді. Қызыл май болар деп жолда арбаға жеткізбей, тек жегілген аттың жетегіне тіркеп отырып едім, — деп атының жайын тағы сөз етті. С.Бег. ~ … інісі бишікпен жасқап, биенің желісін сәл үдетіп еді: – Тоқ малды ыстықта қатты айдауға болмайды, қызыл май болып кетеді! – деді. Т.Сәу.
