Posted in

ҚЫЗЫЛ СИРАҚ (КЕДЕЙ, БАЛА)

Тақыр, сіңірі шыққан кедей, мал-мүліктен жұрдай жарлы-жақыбай. ~ Байдың ауылын басып, онымен қоса кедейді қызыл сирақ етті. Талай қойшы, талай жылқышы атылған баймен қосақтала оқтың астында кетті, – дегенде Бадырақтың ойына Сарқан қаласына Мырзағұлмен бірге айдалып барып, жазаланғаны ойына түсе кетті. І.Жанс.~ Мен де Боранқұлға әбден сенем. Тілін қайырмай, үкідей ұшып тұрамын. Қайтсын, бәрі де табан ет, маңдай терімен күнелткен қызыл сирақ кедейлер ғой, байғұстар. І.Жан. ~ Жартастың қызыл сирақ кедейлері, Бірке, Әлкең Жүніс бас болып: — Е, Медеу дейтін ел, кедей болсақ та, біз де Атығайдың бір баласы емес пе едік; жазығымыз жоқ еді, бірақ бес-алты жылдан бері қарай Тұрлықұл бізге не көрсетпеді. Содан бері біз де жаумыз. СКөб. ~ Бұттары жылтырап, жалбыр- жұлбыр киінген қызыл сирақ балалары үй іргесінен ұзап шыға алмайды. Т.Рыск. ~ – «Қызыл балықшы» колхозының сәтсиалды мамләкәт орнатып жатқан қызыл сирақ пралетариат еңбекші халқына жалғыз-ақ сауалым бар. М.Қан.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *