ҚЫРЫҚ КҮН ШІЛДЕ Жаздың ең ыстық күндері. ~ Тоқсандағы шалдардың, Қырық күн шілде болғанда, Төсектен басын көтермей, Төбесі жидің таз
болды. М.Ж.Көпей. ~ …Бірер жылдан кейін Оспан бұратола алуға барды, той болды. Қыздар жиналып, қырық күн шілдеде бөкебай бүркеніп, Шәрипаны ауыл қыдыртып таныстырды. Б.Майл. ~ Бөрі құрсақтанып үңіреңдеп жүрген қолы қызуы енді– енді күшейіп келе жатқан қырық күндік шілденің сәске шамасында лаулатып от жағып, қақтап ет пісіріп, ас қамына кірісіпті. С.См. ~ Мен өзім осылай етпекпін. Әлі күн ысыған жоқ. Қырық күн шілденің сары тамызында қойды, өз қойымды түнде, ең болмағанда таңғы және кешкі салқында жаймақ ойым бар. С.Бақ.
