Жазылып кетуі, оңалуы дүдамал; үмітсіз. ~ Бесатардың оғы — шыққан жерін алақандай қып үңірейтіп, жұлып әкетеді. Емдеуі келіспей, асқынып кетсе, ол оқ тиген адам жуырда мал болмайды. Ж.Айм. ~ Жақан оны ырғай сапты
найзасымен қолма-қол аттан түсіріп кетеді. Найза қата тиіп, қуғыншы батырдың сүбесін айырады. Жақан оның мал болмайтындығын біледі. Р.Кар. ~ Күндіз- түні зар қақтырған ауыр азаптан өлер болған Қыдырман, мұнан әрі аяғының мал болмасына көзі жеткен соң, саусақтарын жаңғырыққа салыпты да, өткір балтамен тегіс қырқып шауып тастапты. С.Мұр.
- Жөнге келуі, іске жарауы екіұдай. ~ Сонымен қатар Көксерек жайында ауыл-үйдің қатындары әр алуан өсек те таратып жүрді. — Ұры. Асырасаң да, мал болмайды. Тұқымы жау емес пе! — десті. М.Әу. ~ — Анау бір топ қара шырша үйездеген малдай бір – біріне бұйығып өсіпті, бірақ түбі мал болмайды, өйткені тым тығыз, қорегі аз. Қ.Ысқ.
- Адам болмайды, түзелмейді, осы кеткені кеткен д.м. ~ Мұны көрген Періште: «мыналарың мал болмайтын жұрт екен, жүдә!» деп қолын сілтеп теріс айналады. Т.Сәу.
