Алып ұрды, аяғын аспаннан келтірді. ~ Ондайлар өзімнен ешкім аспаса екен дейді, іші тар, айлалы келеді, кезі келгенде, әріптесін шалып жіберуге, омақа асыра құлатуға дайын тұрады. К.Қаз. ~ Кісі алатын қабаған төбетті қапқалы келген жерінде Оспан қара тұмсығынан самса тартып, жалғыз шертіп, омақа атырып, талдырып түсіргені бар. М. Әу. ~ – Ау, жұртым, қалай екен, батырға да жан керек, төңірегінде тайраңдаған Нұртазадай жаман болысты ғанa емес, төбеңде ойнақтаған ақсақ оязыңды да омақа астырмадық па? – деп айғайлап ед. С.Жүн. ~ Біреуі болмаса, біреуі иығынан қағып, немесе аяғынан шалып омақа астыруы мүмкін. Б.Тоғ.
