Posted in

ӨҢІ (РЕҢІ, ЖҮЗІ) СЫНЫҚ

Жүзінен әлдебір қайғының табы, әлденеге қапалы екені  байқалады. ~ – Қамардың бір жері ауыра ма, өңі сынық қой? – деп сұрады. C.Мұр. ~ Осы сен шын Райханбысың? Өзің мүлдем өзгеріп кетіпсің ғой. Самайыңа ақ кіріпті. Өңің сынық. С.Жүн. ~ Саттардың көзі бір сәт қалтарыстан шығып состиып қарап тұрған кішкене сары балаға түсті. Бала реңі тым сынық. М.Сүн. ~ Әдемі мектепке қарай жедел адымдап келе жатып Ханзада қаладан оралған күнгі кешті есіне түсірді. …Жүзі сынық.  Н.Сер.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *