Ап-анық байқалып тұр, бетке ұрып тұр. * Ай жарық. Қар күмістей жылт-жылт етеді. Жұлдыздар сайрап тұр. Ж.Айм. * Мына адамдардың ұсқынсыз бейнесінде сондай ауыр тұрмыстың ізі сайрап тұр. С.Жүн. * Одан бері жиырма жылдай уақыт өтті.
Бірақ бәрі-бәрі әлі күнге дейін көз алдымда сайрап тұр… Ә.Нұрш. ~ Бала бөгелді. Көкейі сайрап тұр, әттең, айтуға тілі
жетпейді. Жайшылықта ауыз жаппас, той дегенде өлең таппастың кері… М.Қаб. * Өткен жылғы кімнің үйінің қай жерге
тігілгені, жер ошақтың бітеліп қалған шұқыры, балалар асық ойнайтын ауыл сыртындағы тақыр, түнде ақсүйек алып
қашатын қыраттың баурайы — бәрі сайрап тұр. Бәрі көзіңе оттай басылады. Т.Ахт. ~ Бұрыштағы жалпақ бет телевизор
экранында Алаңның төрт бұрышы түгел алақанға салғандай сайрап тұр. КГБ камералары түсiрген бейне-көрiнiстер тiкелей берiлiп жатыр. Т.Сәу.
