Posted in

СЕКСЕУІЛДІҢ БҰТАҒЫНДАЙ

Бас-аяғы араласып, асты үстіне түсіп, ұйпалаң-тұйпалаң болған, шатысып-батысып кеткен д.м. ~ …шидем күпісін айқара жамылып, Жаңабай жатыр… бір кездегі қою қарасы, етті қара көздерін басып, түнерген, жақ суалған, мұрын сорайған, селдір бурыл сақалы сексеуілдің бұтағындай, ұйқы– тұйқы қирап қалған. Ж.Айм. ~ Аман жүр, Барсхан, – Қамқа сексеуілдің бұтағындай қисық-қыңыр саусақтарын жайды. – Тәңіртауды ұмытпа. Тәңіртаудың басындай болмасаң да, бауырыңдағы тасыңдай бол! Ш.Мұр. ~ Калбиттерді түн ортасында әкелді, – деді ол темір тордың аржағында үйіліп жатқан, ешкімге бағынбайтын, сексеуілдің бұтағындай ербиіп кеткен жіңішке сирақтар мен жіңішке қолдарды көрсетіп. Ә.Тар. ~ Сексеуілдің бұтағындай тарбиған салалы саусақтары атқұлақтың түбіне шылп етіп, жабыса түсті. Б.Ыб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *