Posted in

ТЕЛ ЕМДІ

Қос енені қатар емді д.м. ~ Қос шаңырақ қуанышқа кенеліп, Көкірегін қос ананың тел еміп. Өсе берді, өсе берлі нәресте Күн шуақты мейірімге бөленіп. Қ.Бұғ. ~ Дау қуып келген екі кедейдің екі биесі бір үйірде жайылады екен. Бірі еркек, бірі ұрғашы құлын табады. Құлындар ене тал-ғамай екі биені кезек-кезек тел еміп жүреді. Т.Сәу. ~ Бөрті өзенін тел еміп, қатар жайлап, қатар қыстап жатқан ағайынды Табын, Тама бір– біріне қастық жасапты, қысастық көрсетіпті дегенді естімеген едік. К.Сег. ~ Өшпейтін жаулыққа ұласқан ағайын арасындағы қанды кекке от тұтатқан, Зередей ананы егіз қозыдай тел еміп өскен Құнанбай мен Бөжейді арандатқан – Майбасар. Т.Жұрт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *