Намысына тиді, балағаттады. * Нарғазы шатынап кетсін: — Ер-тоқымда не әкеңнің құны бар? Қалай болса да ат шапса болды емес пе. Қызылдарға тіліңді тигізіп, мойның астыңнан келіп жүрмесін. К.Қаз. * Күләнданың көзінен жас тамшылап кетті. «Мені ешкім де сағынбайды». «Күләнда алтын қыз, сен оған тіліңді тигізбе!» деп бәйек болатын кім бар?» «Неге бақытсыз болдым?!» Босап кеткен қам көңіл тез басылмады. Т.Ахт. * – Сен, Пётруха ағай, үніңді өшір. Сен олай деме… Сен білесің бе, Варя қандай қыз. Ол, ол алтын қыз. Сен… Сен Варяға тіліңді тигізбе!.. — деп булығып қалды. Т.Ахт.
