Нағыз масқара, ұят іс (болды). ~ Қала қызының салтын әлі білмеймін ғой. Ауыл қызының салтында, әке-шешесінің көзінше уәделі жігітімен түнде кездесу тірі масқара емес пе?.. С.Мұқ: ~ Баламның әскерде екенін міндет қып, көкірегімді төбелеп мен жүргенде, Ерден құсап қашып-бұғып ол жүрсе. Тірі масқара сол ғой. Ерден сорлы жердің үстімен келіп, астымен кетті! Не болды? К.Қаз. ~ Сүйтіп, сен балықшылардың орталарынан жиып берген шай-пұлдық жандығынан айрылып, қой да жоқ, шай да жоқ, ауылға тірі масқара боп оралсаң, бұндағы жұрт қыран-топан. Ә.Нұрп.
