Тұрмысы оңды д.м. ~ Құдайға шүкір, түтіні тік ұшып, иті оңға жүгіре бастаған сияқты. Енді тек мына жаз жақсылығымен шығып, орыс ұлығы сөзінде тұрып, жаңа шаһарына шақырып, жарқыратып той жасаса, Әбілқайырдың қуғаны жетіп, қашқаны құтылды, айтқаны келіп, атқаны тиді дей беріңіз. Ә.Кек. ~ Бірде оты өше жаздап, бірде түтіні тік шалқыған жаужүрек, намысшыл да сертшіл осы халықтың «адамзат көші» аталатын тарихтың тұяқ тоздырар, қанат талдырар ұшы-қиырсыз ұзақ жолында көрген азабы да, тартқан тозағы да жетерлік. С.Баяз. ~ … осынау махаббат торы оның алдындағы қадір-құрметіңізді бұрынғыдан да арттыра түседі, оған қоса ол әрбір түтіні түзу ғашыққа тән болуға тиіс делінетін төрт Б-мен ғана емес, яғни басы бостығы, байқампаздығы, болаттай беріктігі, бүкпелей білетіндігімен ғана емес, күллі әліппемен де мақтана алады – мұқият тыңдаңыз, қазір оны сізге жатқа айтып берем. М.Серв. ~ Түкпірде жатқан жетпіс түтін еді. Түкпірде жатса да түгі бүтін, түтіні түзу, бір бірін итінің үрісімен түгендеп отыратын. Бұл ат байлап түсер Әлібектің ауылы. Қ.Ысқ
