Posted in

ІЗ ТАСТАДЫ

Жүрген жолын жасырып, іздеушілерін адастыру үшін жалған із салу. ~ Тағы біреулер «өліпті» деп те сөйлеп еді. Әр жерге із тастап, әр жотадан бір қылт етіп, көп шиырға салып жүрген ғой. М.Әу. ~ Өздері де, аттары да ашыққан жігіттер осы «Қаршығалы» орманының ішінде шетірек отыратын құдандалы тілдесінің үйіне қарай бет алды. Із тастап, алыстан орағытып келді. Ғ.Мүс. ~ Із тастап, екі-үш көше айналып барып, оңаша
тұрған қос қабатты зәулім үйдің қасына баспалап келді. Т.Сәу. ~ Қадиша үлкен көлдің қырқасына құрған алтыбақан жаққа із тастап барды да, соңынан аңдыған ешкім
болмаған соң жалт бұрылып Ақтоқтылар жаққа қарай ұшты. С.Жүн.

Артында із қалдырды. ~ Досов сонау бір бала кезінде, тау-тасты кезіп жүрген шақта тастың бетінен аттың тұяғының ізі тәрізді таңбалар көретін. Сонда мынау не деп үлкендерден сұрағанда «Бұл тұлпардың тұяғының ізі» деп жауап айтатын. Тасқа тұлпар із түсіргенде, адам бетіне уақыт, заман тұяғы неге із тастай алмайды? С.Бақб.

      Добавить комментарий

      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *