Posted in

СУЫҚ СӨЗ

Жайсыз, үрейлі, қайғылы хабар, гәп. ~ Қарындастарын алмай қойған соң, сүйтпей қайтушы еді… Ал тілеулес ағайынның әзір суық сөзі естілмейді… Өз үйлерің болғанда, би (әкесі) пәлен түс жарып, ештеңе айта қойған жоқ білем. Ж.Айм. ~ Одан бір жұма кейін, жығылғанның үстіне жұдырық деп, Мұқашым өлді. Күндіз-түні жылауда болып есеңгіреп отырғанымызда: енді бұл үйдің еркектері кетті, ылғи ұрғашы үй болып отыра алмайды; дүниесін бөліп аламыз; қатындарды әрқайсымыз қолды-қолымызға аламыз деп, балаларымның бет топырағы жасырылмай жатып, суық сөз жүргізді ғой. М.Әу. ~ «Аттан! Аттан!» — деген көптен күткен суық сөз саңқ-саңқ етіп естіліп қалды. Үйдегі жұрттың бәрі алай-түлей боп тысқа қарай ақтарылды. Бұл кезде жылқы жақтан да түн тыныштығын қақ жарып шыққан шошынған шулар естіліп жатыр еді. М.Әу. ~ Жау тигенін ауылдағылар енді ғана байқап еді. Бір қатынның қатты шыңғырған даусы — Ойбай, жау! Осы дауыс Достанның ұйқысын шайдай ашты. Астан түнделетіп қайтқан жігіт қатып ұйықтап қалған екен. Суық сөзден жүрегі дір еткен. Ғ.Мұст.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *