Posted in

САҒАТЫ СОҚТЫ

Уақыты келді, күні туды. ~ Әліппе оқып “а”, “б” — деп, Түйінін шештім тілімнің. Сәби жүрек лүпілдеп, Сағаты соқты білімнің. М.Мақ. ~ Бір үйездік өкіметтің не бары елу — алпыстай сақшы — полицейлерін, қылп етіп көрінгенін құлатып, санап атты. Бірақ, енді ғана басталған, өзіндік тарихында айрықша дабыралы оқиғаның алғашқы өкініш сағаты да соқты!.. Ж.Ахм. ~ Енді тергеушінің күні туды. Сағаты соқты. Кешегі бұны көзіне де ілмейтін сұңқар ақын бүгін, о, жасаған, тәуба, бұның илеуінде жатты. С.См. ~ Мұндай қолайлы кезенді Цин империясы да құр жібергісі келмеді. Сәт сағаты соқты, Жоңғар хандығын жер бетінен аластап, мүлде құртып жіберетін кез енді келді деп шешкен. Қ.Жұм.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *