Елден алыста, жұрттан бөлек өмір (сүрді). ~ Бұған бұйырғаны саяқ тірлік. Кезбелікпен өтіп жатқан ғұмырында нендей мағына бар? Өткенге өкінген- нен басқа қолынан не келеді. Ө.Кәр. * Тайганың тағысындай саяқ тірлік кешкен Қызылкөз бес үйлі займкеден басқа отан бар дегенді ойына алса нағылсын. Қ.Ысқ. ~ Жолаушы қам көңіл болатын. Саяқ тірлікті еншілегелі де бірқыдыру. Қайран бұлғақтаған бұла күндер-ай! Ө.Кәр.
Автор: Админ
САЯСАТ ТҮЗЕДІ
Белгілі бір мақсатты көздеді. * Бірақ келушілердің көбі таныс ауылдың адамдары болып, шеттен қос ат жегіп, саясат түзеп келетін қонақ бұл ауылға жат еді. Ж.Айм.
САУЫҚ-САЙРАН ҚУДЫ
Ойын-тойдың соңына түсті, көңіл көтеріп, қызық көруді мақсат тұтты. ~ Егер Сүлейменмен жұрт жаңғыртып құда түссе, одан артық тілек бар ма. Мал қумай, ән-күй, сауық-сайран қуып желігіп жүрген Ақанның аяғы шідерленіп, шаруаға бетбұрар ма еді. С.Жүн.
САУЫҚ (САУЫҚ-САЙРАН) САЛДЫ
Көңіл көтерді, той тойлап, ойын-қызыққа берілді. ~ Бәсе, Ойке апа деген біздің қатын. Былтыр ала жаздай серілік құрып, ел қыдырып, қыз-келіншекпен сауық-сайран салмадым ба? Содан, аяғы қызық бітіп, үйге қайтатын да мезгіл жетті. М.Әу. ~ Күйеудің күйеулік құрметі өз алдына, мені ол ауылға отырғызбайтын болды. Күйеуді сылтау етіп қонаққа шақырып, ән шырқатып, сауық салу қыза түсті. С.Бег. ~ Күйеудің күйеулік құрметі өз алдына, мені ол ауылға отырғызбайтын болды. Күйеуді сылтау етіп қонаққа шақырып, ән шырқатып, сауық салу қыза түсті. С.Сей. ~ Әйгерімнің ағы ақ, қызылы қызыл боп, өзгеше құлпырғандай. Бұрынғы бір Абаймен ыстық шағындағы, сауық-сайран салған, шексіз ән сызылтқан күндеріндей көрікті екен. М.Әу. ~ . Өмірі жіп сабақтап көрмеген қос қызы бақуатты қосақтарын тапса да әкесінің дәулетінен қол үзген жоқ, керісінше аямай шашты. Ақсүйек атпалдардың ортасында дулы дәурен, сауық-сайран салды. Ж.Аяз.
САУЫҚ КЕШІ
Ойын-сауыққа арналған жиын. ~ Бұларға қоса, арғы шеті Москвадан, бергі шеті Алматыдан театрлар немесе жеке артистер келіп гастроль жасап жатады, сондықтан Қарағанды клубтары сауық кешінсіз тұрмайды. С.Мұқ. ~ Бір күні кешқұрым сілем құрып үйге зорға жетіп, енді тізе бүге беріп ем, балаңыз сауық кешіне киініп баратын ақ көйлегімді жуып қоймапсың деп дігірлей жөнелгені. Ә.Кек.
САУЫҚ КӨҢІЛ
Көңілді, ойын-тойға елтіген көтеріңкі көңіл-күй. ~ Қараша үй айналған кез ән-базарға, Осында сауық көңіл, сәнді ажар да. Ортада Орта жүздің дүлдүлі отыр Әлде кім менсінбесе алда-жалда. К.Мырз.
САУЫҚ КӨРСЕТТІ (ҚОЙДЫ)
Ойын қойды. ~ Он күнге, өзге дүниені ойлағанды қойып, барды егінге, егіске, егіске ғана салыңдар! Қазір демалыңдар, түстік үзілісте бригадаларыңа, осында оқушы жастар сауық көрсетеді. М.Әу. ~ «Құсты аралдағы» жексенбі бізге тек сауық көрсетіп қана қоймай, бір ұйымшылдық күш те берген тәрізді. Сол күшті бағыттаушыларды жұмысшылар «Бестік» деп атады. Ә.Сәр. ~ Жошы жас кезінің өзінде аңқұмарлық ісіне салынып, саят құруды, сауық қою өнерін ерекше суреттеген еді. Ә.Марғ.
САУЫҚ ҚҰРДЫ
Көңіл көтерді, сайран салды. * Мен жүрмін бақыт қуып, даңқ қуып, Сайрандаған боламын сауық құрып. М.Мақ. * Сөйтіп, Қаракөзайым қасына қырық қыз нөкерін ертіп, сауық құрды. "Алпамыс б." ~ Жас жігіт Тәттімбет қыс күні жылқысын ішке (орман ішіне) айдап, найман елінің ортасына барып тұрады. Онда жұт жоқ, жылқысы семіріп тойынады. Тәттімбеттің ол жердегі ісі сауық құрып, елді қуанышқа батыру. Ә.Марғ. ~ Сонсоң, Мәскеу жеткенше, әкесінің қасынан кетіп көшірдің жанына отырғаны; бетіне сыңсыған қайың орманымен сыр айтысқан өң жапсырғаны; сауық құрып, қазақтан мал тартып ап жүріп неше дүркін аралаған Қазығұрттың қойнауларын, жайлауларын жол бойымен ойша салыстырғаны бар еді. А.Сүл. ~ …Той қызығы үшкүнге созылды. Жастар жағы екі күн бойы сауық құрды. Д.Ис.
САУЫҚ САЙРАНМЕН ЖҮРДІ
Той-томалақ, ойын-қызықпен уақыты өтті. ~ Ертеде сауық-сайранмен жүретін Мәлік деген патша болыпты. Патшаның Шаһизат деген адамнан асқан керемет сұлу жалғыз қызы болыпты. "Қаз. ерт." ~ Осы парықсыздықтың есесі Битабарға бір- ақ жерде ғана қайтады. Ел аралап, той тойлап ала жаздай үйіне бір соқпайтын балуан «малым бар еді-ау, жаным бар еді- ау» ─ деп көрген емес. Мал қамы, жан қамы ел үстінде. Битабар осындай сауық-сайранмен жүріп, отыз бес жастың беліне шықты. С.Шайм.
САУЫН АЙТТЫ
1. Үлкен ас, той туралы қалың елге жария етті. (Мұндайда әр ел шамасына қарай сойылатын мал, ішілетін қымыз әкеледі). ~ Бір ұл туды патшаға, жұртқа лайық, Сауын айтып той қылды елге жайып. Жұртына көп жақсылық қылған екен,Той қылды әр жаннан малды сойып. "БС. Бозжігіт". ~ Бел орақтың кезінде, маялық шөп шабу үшін көп қол керек. Шепе оның да ретін тауып, бір семіз түйені сойдырады да, маңайдағы елді үмеге шақырып сауын айтады. Қымызды үмеге келетін ауылдардың өздері әкеледі. «Орданың үмесі» деп, бай немесе ауқатты адамдар сабалаған қымызына ту қой қосады. С.Мұқ. ~ Үш жүзге түгел сауын айтқан Сағынай асына жиналатын күн бүгін. С.Жүн. ~ Қазақ, батырларына үш жүзге сауын айтқызып, халықты алқалы жиынға шақырған да сол ұлы бабаларымыз. БАҚ. 2. Әлді адамдардан әлдебір іске үлес қосуын, көмек беруін сұрады. ~ Онда Қошқаралы Уақболыстың гүрлеп тұрған кезі. Ол жастарды оқытайық, мешіт, медіресе салайық деп, елдегі бетінің ажары бар кісілерге сауын айтты. Б.Алд. ~ Қонақ Таңсыққожаның үйіне түседі. Тойға Таңсыққожа шақырылады. Біреу ас берсе, Таңсыққожаға сауын айтады. З.Шүк. ~ Көкөзек шақта сорпалығы бар қой бүкіл ауданды сауын айтып сандалып іздесең де табылмайды. О.Бөк
