Home » ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Posted in

ІЗІНЕ ТҮСТІ

1.    Жүрген жолын тап (дөп) басып, артынан қуды. *  Қайтар кезде жалғыз жырылып сыртқа шықты. Ешкімге байқатпаған секілді еді, кешегі жігіт ізіне түсіпті.  С.Нұғыман.

*  Жерден басын алмай тіміскілеген үш бірдей иттер тұп-тура өз ізіне түсіп жан алғыш әзірейілдей қыр соңына қалмай тұп-тура бастап келе жатқан еді. Б.Жұм.

2.   Артына ілесіп жүріп отырды; қудалады; артына шам алып түсті.

  • Осы күдік тыншымды алды да, ауылға барыпжылқышыларға тілдескенге де дат қылмай, сол жаяудың өкше ізіне түсіп қудым да кеттім.  Ж.Сәмит. *   Не өнеге көрсеттің сен мына қарауыңдағы жас ұстазға?! Айтшы, кәне! Баландай баланын ізіне түсіп кемшілігін фактіге тізіп әкелгенше, кезінде айтып, көмектеспедің бе?  Н.Сер.
  • Сол-ақ екен, мынандай қияңқы ойынан өзі ұялыпқалды. Осыншама ізіне түсетіндей ол қыз бұған не жазды сонша?  Ш.Айт. 3.  Әлдебір істі мақсат тұтты.
  • Алайда, Исабековтан қызыл алма қалап, қалай дасонны тауып беруді жалына сұрап, өмір бойы ізіне түскен бір әйел бар. Ол — өз әйелі, Сәбира.  Ш.Айт.
Posted in

ІЗІНЕ САЛДЫ

СОҢЫНА ТҮСТІ

* Мына қаптаған кедейді ізіңе салмай тұрғанда жөнінді тап, шатпай! От солай! Ойының келген екен сенің Шәріппен!  С.Елу.

Posted in

ІЗІНЕ ІЛІК ТАСТАМАЙДЫ

Кәнігі, әккі баукеспе ұры. ~ Қожан Бозайғырдың ешқандай сің-бесін білген. Қасқа айғырдан соң «айғыр деген бәледен» аяғын тартатын болған. Сонан соң босатып жіберген-тін. Онысы дұрыс па, бұрыс па соған қазір де ақылы жетер емес. Бұрын ол қателеспейтін, шалт қимылдап, шапшаң шешіп, ізіне ілік тастамайтын қандыбалақ еді. Енді міне қуғыншы қорасына келіп, дарбазаны қағып тұр. Ж.Баш.

Posted in

ІЗІНЕ ЕРГЕН

АРТЫНАН ЖҮРГЕН. ІЛЕСКЕН.

1.

  • Мені ол туған бауырындай көретін. Мен де оған үйіредім. Шешем «ізіне ерген не інісі, не сіңлісі жоқ, сосын сені қара тұтады ғой, қайтсын» деп отыратын. Н.Сер.
  • Бір ауыл Киікбай тұқымынан бір бала ғана ізіне ергенекен.   З.Шүк.

2.

  • Көк төбет әлде неге мазасы кеткендей, шабаланыпүріп тұр екен. Кетіп бара жатқан Мақпалды көріп, ізіне ерді.  З.Шүк.
  • Кеше Жорға бас боп, ауылдың бүкіл бас көтергендері,«балаңнан да кіші уыздай жас тоқалды, ізіне ерген азғантай сөз көтермейтін болсаң, неге алдың?» деп Мажанды қыспаққа алған-ды.  С.Елу.

3.

  • Қазтуған ізіне ерген жұртты бастап Хорезмжұртына карай жөн тартады. Шерқұтты ескі қонысы Ақ жайыққа көшеді…  Х.Шүк.
  • Айшуақ Сұлтанның ізіне ерген Өтетілеу, Жәнібекбатырдың қалың қолын талқандады.   З.Шүк.
Posted in

ІЗІН ШЫҒАРДЫ 

Іздеп тапты.

  • Былтыр ақ тұлпарды ұрлатып алдырған екен.

Нұртай ізін шығарып келіпті… З.Шүкір *  Тілеужан апайдың балалары интернет арқылы баяғы қырық бірде хабар-ошарсыз кеткен Төлеш әкеміздің ізін шығарды. БАҚ

Posted in

ІЗІН СУЫТТЫ

Ұзап кетті.

  • Ың-шыңсыз,  айғай-сүреңсiз  ұры  жылғамен  өрлеп келгенде  кемi  бес-алты  үйiр  болар,  малды  қосынан  бөлiп алып,  жылыстатып  айдай  жөнелiскен. Жерге жарық түскенше iздерiн суытып, ұзап кетпек.  К.Сегізб.
Posted in

ІЗІН СУЫТПАДЫ

АЛЫС КЕТКЕН ЖОҚ

~ Бұл әңгімеге хазірет те құлақтас болғаны теріс емес. Мейлі дүние өртене берсін. Нәзипаны иықтап алуға ыты келген жер осы. Енді мұның ізін суытпау керек. Түтінін түтініне қосып қалайық — еді. І.Жанс.

Posted in

ІЗІН БАҚТЫ

АҢДЫДЫ.

*  Жалғыз-ақ айтқаны: «Жолға сақ бол. Байқап жүргейсің». Бары сол. Сәлиманың бір кереметтігі ұсақ емес. Күйеуінің ізін бағып, жолын аңдыған күні жоқ. Ерте кел, кеш кел, аман келсең болды.  С.Шайм.

Posted in

ІЗІМ-ҒАЙЫМ (ҚАЙЫМ) ЖОҒАЛДЫ (ХАБАР ЖОҚ)

Хабар-ошарсыз кетті.

  • Одан өзге кәсіби ұшқыш болатын. 1944 жылдыңшілде айында ұшағымен қоса ізім-ғайым жоқ болды.
  • БАҚ.
  • – Біздің Баталжаннан да кеткелі ізі-ғайым хабар жоқ.

Хат жаузға да қолы тимейтін шығар.  О.Сәрс. *  Ал Елшіекең ауылында үлкен сабылыс: Айнұр қыз жеңгесі Салихамен ақылдаса келе, бір түнде зым-зия, ізім-қайым жоғалуға бекінген.  Ш.Құр. *  Шынар сол түні жоқ болып шықты. Қайда кеткені белгісіз ізім- қайым жоғалды.  Н.Сер.

Posted in

ІЗІТҮГІЛ ТОЗЫ ЖОҚ

АРТЫНДА ЕШ БЕЛГІ ҚАЛМАДЫ

  • Көзі жұмулы, көңілі қаяу. Кеше түнгі лепірген сезімніңізі түгіл тозы жоқ, қол-аяғын жан-жаққа шашып жіберіп, шалқасынан жатыр. Басы ап-ауыр.  М.Қаб.