Posted in

ІЗІНЕ ШЫРАҚ АЛЫП ТҮСТІ

Жанын салып іздеуге кірісті.

~ Жақыбай үнсіз құптап, бас изеді.

− Жат, ұйықта құлыным! Мен де ұйықтайын. Ертеңнен бастап Нұртайдың ізіне шырақ алып түсермін…  С.Ом.

Posted in

ІЗІНЕ ШӨП САЛДЫ 

Не боларын аңдады; әліптің артын бақты; ізін аңдып, артынан жүрді. ~ Мұқаш Жылтырына барып көпті сөйледі. Ол таң қалды. «Иванов солай дедіні» естіген соң, о да кешегідей жалпылдамады: — Мұнда бір машине бар екен. Сен енді өз шаруаңда жүре тұр. Біз мұның ізіне шөп салып көрейік,— деді. Ж.Айм. ~ Ұлы мақсаттың үстінде жүрген мұның үркіп жоғалған үркердей топтың ізіне шөп салып түсер мұршасы болды ма? Р.От.

Posted in

ІЗІ СҰЙЫЛДЫ

КӨРІНБЕЙ КЕТТІ

  • Алтын алқалы келіншектің ізі сұйылды, шындап келсебұл көкең әйелдің нақтылай адресін жадында сақтамапты.  Д.Дос.

~ Әйеш жаққа мойнын созыңқырай: – Әйеш, биыл қай оқуға барасың?– деді. – Қай оқуға баратынында не қақыңыз бар? Оқуға түсірейін деп пе едіңіз?– Түбір астындағы әпкем Қасеннің ізіне шам алып түсті. М.Қаб. ~ «Сол асылдың тұяғы ғой Хансұлу. Әкесін аямаған өкімет, бұны аясын ба? Ізіне шам алып түсті ғой, түсумен келеді ғой!» дейді. С.Ел.

Posted in

ІЗІ СУЫМАЙ ТҰРЫП

Болған уақиғадан кейін көп уақыт оздырмай. Көп уақыт өткен жоқ; әлгі әзірде ғана болған оқиға туралы.

*  Енді оқиғаның ізі суымай тұрып, осының бәрін полицияға хабарлай қойыңыздар» депті. М.Қаб. *  Бұл үйде тұра беруге өзімнен-өзім қысылдым да, осы оқиғаның ізі суымай-ақ мен қызметтен босанып, Назира апайдың үйімен қош айтысып, ауылға тайып отырдым.  Т.Берд.

Posted in

ІЗІ СУЫДЫ  (СУЫМАДЫ, СУЫП ҮЛГЕРМЕДІ)

Болған іс ұмытыла бастады. *  Жағдайсыз оқиға туып қалып, ондағы жұмысшылардың арасы бізбен байланыссыз қалды. Меніңше, «тыңшылардың ізі суысын» деген пікірді былай қоя тұрып, осы айтылған жерлердің жұмыстарын қайта жолға салу керек. *  Әлі ізі суып үлгермеген кешегі Байжігіт көтерілісінде қол бастаған Отыншы әулетінен гөрі үкірдайлыққа Жалбағайды қолай көретіні айтпаса да түсінікті.  Қ.Жұм

Posted in

ІЗІ ӨШТІ

~ Жомартты ол сонау бәйге кезіндегі қылығы үшін жақтырмайтын, алайда бірте-бірте ол өкпенің ізі өшейін деді.  Ә.Әл. ~ Алыс ауданға кетіп, желік жүрісті ұмытқалы қашан. Енді, міне, Советхан ізі өше бастаған істі қайта қоздырғалы отыр.  Б.Тоғ. ~ Осынау нәубет жылдар кесірі талайдың көңілінен сызы кетіп, келбетінен ізі өше қойған жоқ.  Ж.Шәк.

Posted in

ІЗЕТ САҚТАДЫ  *

Әдептен озбады, сыпайылық сақтады. *  Асқа зауқы болмай жатса да ізет сақтап, қайшылығы мен қызығы мол ойларын амалсыз диванда қалдырып, орнынан тұрды.   Д.Исаб.

Posted in

ІЗЕТ ҚЫЛДЫ (КӨРСЕТТІ, БІЛДІРДІ)

Құрмет көрсетті, сыпайылық танытты. *  Алдына ас суларын ұсынып, ізет қыла қоймаған мына ауылдың ер-азаматтарына бұл екеуінің қаны қайнап отырады.  Ә.Нұрп.

  • Зал ішінің гуілі көпке дейін басылмады. Күнтуаротбасы жабыла бас иіп, ізет көрсетті де, сахнадан түсті. С.Омар.
  • Күзетші жауынгер бұған ізет білдіріп, сыпайысөйлесті.  Ә.Нұрп.
  • «Мырза, хош келдіңіз. Қонақ болыңыз. Түсіңіз»,- депқол қусырып, ізет білдіргенше, ой, дариға-ай, бұл қозғалмайтын. Ә.Нұрп.

Posted in

ІЗДЕГЕНІ АЛДЫНАН ШЫҚТЫ

ЖОЛЫ БОЛЫП, КЕРЕГІН ТАПТЫ.

  • … жас сүйріктің түбінде бейбіт жайылып жүрген біршоғыр сазанды көріп, іздегені алдынан шыққанын білді. О.Сәрс.
  • Сол міндетті қалай атқарудың жолын таппайжүргенде мынадай оқиғаның үстінен дәл түсті. Іздегені алдынан шықты. Қ.Тұрс.

Posted in

ІЗДЕГЕНГЕ СҰРАҒАН 

1.  «Кімді айтсаң сол келеді» дегендей, қалаған адамың

алдыңнан шыққанда айтылады.

  • Іздегенге сұраған, мына тақпақшы бала, әрине,мұның кітабын

түбіртегіне дейін оқыды. Оқыса әсерін де айтар. Жас қыз, сөз жоқ,

асатпай жатып құлдық демейді — қысылады,

тәжірибесіз. Ол үшін оңашалық керек.  М.Қабанб.

  • Елтай да мына бір қиын әңгімеден аяғын тартыпалғысы келіп, тыпыршып отыр еді. Мынау іздегенге сұраған болды. М.Қаб.
  • — Мәймөңке болмаса да, істі насырға шаптырып,ушықтыра беріп

қайтесің. Іздегенге сұраған — ауызғы бөлмеге тапырлай басып, сораң етіп ақи көз поштабай Жәнібек кірді.  С.Жүн.

2.  Ә десе мә деуге дайын тұрған, не нәрсеге де сақадай сай д.м.

  • Не де болса Үркімбай аулында жауды басаалмайтынын білген сөн,

осы қайтар жолдан кеп тосқан. Қараша қара сойылға мықты болатын. Өз

аулының жас жігіттері де шетінен ат үсті төбелеске мойымайтын,

«іздегенге сұраған» дейтін Қожақан сияқтылар еді. М.Әу.

  • Тұмақтарының бауын жымырып байлап, ықшам

киініп,

шекпендерінің етегін белге қыстырып, немесе ышқырланып алған,

әлекедей жаланып келген, «Іздегенге сұраған» ителгі

көздің өздері болатұғын.  Ж.Ахм.