Posted in

ТҮСІ ЖІБІМЕДІ

Ашуы тарқамады. ~ Құлмақ әлі де түсі жібімей, қиналған боп: ─ Иісшіл болғанда қандай, ой, антұрғандар-ой, көш жерден біледі ғой, кілем үстінде жатқандай, әне шынтақтай түсіп жайғасуларын қарашы,— дегенде, қара жігіт жаңа түсініп, оқыс баж ете күлді. С.Жүн. ~ Түсі жібімес, жүзі жылымас қожайынның қарасұр төбеті көзін көкшите ырылдап қойып, қыркүйекте қабығынан қашатын баданадай жаңғақты тілімен орай тісіне салып, шақылдата шағып жеп жатты. М.Байғ.

Posted in

ТҮРПІДЕЙ ЖЕДІ

~ Әке-шешенің бұл өзара әңгімесі Сарыбаланың жанын түрпідей жеді. Талағында бірдеме бар жас қалыңдығынан айрылса ел бетіне қалай қарар? Ғ.Мұст.

Posted in

ТҮСІ ЖЫЛЫ

Мейірлі, нұрлы жүзді адам туралы. ~ Бұлар келесі есікке кірді. «Қолыңдағы жүгіңді аппаратқа сал!»– деді қазақы дауыс. Толықша келген бағанағылардан мүлде басқаша түсі жылы өз қазағы отыр. Н.Әбд. ~ Аздан кейін бөлім меңгерушісі жалғыз оралды. Түсі жылы. Б.Тоғ.

Posted in

ТҮНГІ ЖАРТАСТАЙ ТҰНЖЫР

Көңілсіз, жабырқау, салқын жүзді адам туралы. ~ Сонда да басы көшпелі ойлармен әуре. Қарасы үзілген Сүйгембай есінен жуырда шықпады. «Түсінбедім осы шалға» деп келе жатып Қаменге ауысты бір кезде. Шағын денелі, шүңірек көз, жар қабақ, күдістеу келген қатыңқы қара кісі жоғары әсте қарамайды, жарқылдап бір күлмейді, түнгі жартастай тұнжыр, қорқынышты. Ол жазы-қысы жалғыз үй. Әйелі жалғыз қалады. Қалай іші пыспайды, қорықпайды? Ғ.Мұст.

Posted in

ТҮП ІЗІНЕ ТҮСТІ

Қыр соңынан қллмай аңдыды. ~ Жасыратыны жоқ, кешегі кеңес кезеңіндегі қасаң тәртіп тұсында атамыздың затын айту былай тұрсын, атын атауға батылымыз бармады емес пе. Әкеден әрі асып, түбіңді, тегіңді түгендей бастасаң, ұлтшыл деп түп ізіңе түсті. С.Ақт.

Posted in

ТҮП ҚАЗЫҒЫН ТАПТЫ

Шыққан тегін тапты. ~ «Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1978 жылы жарық көрген еді. Орыс тіліне аударылу барысында мүлдем қайта жазылып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосуға тура келді. Сол секілді айтылар ой түп қазығын тауып, авторлық концепция анықтала түскен секілді. Сондықтан да оқырманның назарына қайта ұсынуды жөн көрдік. О.Бөк.

Posted in

ТҮНДЕ ҰЙҚЫ, КҮНДІЗ КҮЛКІ ЖОҚ (КӨРМЕДІ)

Күндіз де, түнде де дамыл таппады. * Үш қатынның үстіне төртінші қатын аламын деп әуре болып, түнде ұйқың, күндіз күлкің жоқ. Ә.Шәр. ~ Ойы кемел, кесімі әділ, ғұзырындағы қара орман жұртын қайтсем бақытты қылам деп түнде ұйқы, күндіз күлкі көрмеді. Т.Сәу. ~ Жиылып қырық молда кітап ашқан, Халықтың көкірегін қайғы басқан. Мал-мүлкін, бақ пен тағын талақ қылып, Түнде ұйқы, күндіз күлкі қалды астан. "Нұрғазарын".

Posted in

ТҮП ҚАЗЫҚ

Негізгі бастауы, арғы атасы, шыққан тегі, қайнар көзі. ~ Хазовтың бар бәле-сұмдығын, қай жерде қашын жүргенін Нұртай біледі. Оның түп қазығы — Нұртай… С.Омар. ~ …" ~ Әрине, түбегейлі қам-қарекеттің ішінде түп қазығы боларлық қаншама түбірлісі мен түйіндісі бар. Қ.Баян. ~ Мемлекет басқару барысында кездескен қандай бір қиын түйін мәселені де осы қағидаға сәйкестендіре отырып шештім. Менің ұрпақ алдындағы парыз-қарызымның абыройлы, атақ-даңқымның ғұмырлы болмағының түп қазығы осында…И.Сап.