Суық жүзді. ~ … Жазғы кез… Мақтым ұрын келген. Түксиген қабақ, қушық мұрын, еңкек денелі қара сүр жігіт. Жұртқа қалай көрінетінін өзі білсін, әйтеуір Күлпашқа ұнауы анық. Б.Май. ~ Үлкен, жазық маңдайы ақыл бейнесін аңғартса, түксиген қабақ астындағы қисық, қиғаш көздері ерекше суық. М.Әу. ~ Әкесінің бет — жүзі шорымықтан ойған аташ мүсін секілді, түксиген қабақтың астындағы дүнияға ренішпен қарайтын шүңірек көз жан біжеңді үнемі кінәлап тұратын. Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТҮЛКІ ТҰМСЫҚ
Сұғанақ, тіміскі. ~ Ол аздай іштеріндегі түлкі тұмсық біреуі ертесіне қайта соғып, бір сауын сиыр, бір өгізшемді тағы алдына салды. Ұ.Досп.
ТҮЛЕГЕН ИТТЕЙ
Жұлым-жұлымы шыққан. ~ Үйшіксіз, түлеген иттей жалба- жұлба жігіттер жұлқынып, от артына дыбыссыз сүңгіп кетті. Ж.Айм.
ТҮЛКІДЕЙ ҚҰЛПЫРДЫ
Ойнақшып, жайнаң қақты. ~ Жас бағланның тез піскен етін тұтасымен бір өзі жеп, бір шара қымыз ішіп ықылық ата бастаған Қоңырқұлжа қырмызы қызыл түлкідей құлпырып өзінен әлденені дәметіп монтиып отырған тоқалға сонда ғана қараған. І.Ес. ~ Ал, шындығында, өңі алтайы түлкідей құлпырып, бал- бұл жанған Бибідей арудың қазіргі салтанаты ешбір қыздан кем емес еді. Қ.Жұм.
ТҮЛЕН ТИГЕНДЕЙ (БОЛДЫ)
Жын соққандай болды. * Күллі дүние түлен тигендей тулап шыға келген-ді. Аспан қайда, жер қайда – ешкім ажырата алмастай… Ә.Кек.
ТҮЛКІДЕН ЕПТІ, ТҰРЫМТАЙДАН АЛҒЫР
Аса іскер, не нәрсеге де шебер, зерек. ~ Ұрымтал жерде өткір, табандасқан жерде тартысқа белді, Кавказдың қара ала қанжарындай Шеркес Қали жігіттер арасында түлкіден епті, тұрымтайдан алғыр. І.Жанс.
ТҮЛЕН ТҮРТТІ
Арбаушы азғырды; бір пәлеге итермеледі. * Сумаң соқпақ енді оны қайтадан сарайға бастады. Манағы маужырап тұрған тып-тыныш дүниені әлдебір түлен түрткендей. Ә.Кек. * Әлде өзін түлен түртіп, әдейі қиыс тарта ма? О.Сәрс. * Орталық түгілі көрші қойшы ауылдардың өзіне артық аяқ бастырмайтын Көксұр Елеместі сол күні қандай түлен түрткеніне Жақан көпке дейін түсіне алмай қойды. Ә.Кек. * — Кек қуып келгем жоқ, тегі. — Онда қай түлен түртті? — Қатынымды қайтарып беріңіз. Батырдың аузы аңқайды. Н. Дәут. * «Сиыр да, түйе де сауылмай желіндері сыздап тұр- ау! » — деп ойлады ол аптығып. Түлен түртті ме, қайдам әйтеуір жанығып кетті. М.Сүн.
ТҮН АСТЫ
Бір түнді өткерді. ~ Содан былай, таң атқан сайын Бибі ханымның көзі мешітке қарап, мешіт емес-ау, бақыт сұрап, тастан соқтырған дуасына қарап оянар еді. Үйткені бейнеусіз тас пен балшық ертегіден бетер, заматта дуал боп өсіп келе жатыр еді. Түн асқан сайын мешіт көркейіп барады. Ж.Айм. ~ Мына аттармен бір күндік. Жайықтан екі күн, екі түн асып, екі жүз елу шақырымдай жер қашықтадың. Соған қарай есептей бер. Х.Ес.
ТҮЛКІ БҮЛКІЛ
Ылдым-жылдым, алды-артын бақылай желу. * … кәкір-шүкір аулап ақсиған аш түлкі бүлкіл жортақпен алыстан көрінген темір жолға қасара жақындап келе жатты. Ш.Айт. * Сүлгіңді беліңе буып ап, оған тіс шөткесі мен пастаны қыстырып, сопақ, жалпақ, доп-домалақ тікенбастарға қарап, ең соңында мен де түлкі бүлкілге басып бара жатамын. С.Сағ. ~ Туғалы ойы мен бойын алдырмаған дәл осы секемшіл құбылысына өзі де қайран. "Япырай! Маған не болды бұл?" деп тізгінін қымтай тартып, Күреңтөбелді түлкі бүлкілге салып алды. С.См.
ТҮН БАЛАСЫ
Түні бойы. ~ Үнемі ат үстінде жүретін жігіттері – шетінен жүрек жұтқандар. Олар түн баласы ұйқы көрмейді. Жортып жүреді. Ж.Шәк. ~ Соңғы күндері Шеге үйге түн баласы кешеуілдеп келуін жиілетті. С.Елу.
