Үокендігі түйдей ірі тас. ~ Алсу бұлақтың көк жел- кесінде, түйе тастың көлеңкесінде шай қайнатып отырған. Ө.Кәр. ~ Ол осындай шешімге келіп, ширығып, төңіректі барлап алды. Өркеш-өркеш жартастардың ығымен төмен құлдилап, түйе тастарға жармасып, еңіске түсе бастады. К.Ораз. ~ Ығысқанмен шегінер жер жоқ. Шайқас алаңында мына түйе тастың үстінде біреуі ғана қалуға тиісті, екінші жан иесіне орын жоқ мұнда. Жеңілгені құздан құлап құрдымға батады. Ө.Кәр,
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТҮЙЕСІ ЖОҒАЛМАҒАННЫҢ АҚЫЛЫ ТҮГЕЛ
Мәтел. Біреуге ақыл айту оңай, өз басыңа күн түссе көрер едім д.м. * — Астапыралла! — деді әйелдің бірі.— Сәуле қайынағаның атын шімірікпей атайды-ей! — Ей, Күміс,— деді Күніш Мақсұт деген қойшының қатынына.— «Түйесі жоғалмағанның ақылы түгел». Көрер едім, сені, анау маңқа байың бірдеме болса. Байың өліп бағы күйді деген мен. Менің аянар түгім жоқ. Өңкей итаршы сендерді де өлтіремін! Б.Қыд. * Баяғыда… істі болған адамдарды алдына тұрғызып қойып, көзге шұқып, талай-талай пәлсафа соғып еді-ау. Иә, түйесі жоғалмағанның бәрі ақылды. О.Бөк.
ТҮЙЕ ТҰСАҒАННЫҢ ЕКІ ОЙ БАР
Дүдамал күйдегі адам туралы. * – Қайтеміз, жылаймыз да шыдаймыз. Бірақ, кешеуілдете бергенің алаңдатады… Қайдам, сәулем, түйе тұсағанның екі ойы бардың кері болып жүрмесе… О.Бөк.
ТҮЙІЛГЕН ҚАБАҒЫН ЖАЗДЫ
Ашуы басылды. ~ Оның саусақтары қанаттары сүр, басында алқызыл айдары бар ірі құстың арқасына тиісімен, анау түйілген қабағын жазып, қара мөлдір көздері ары-бері жүгіріп кетті. О.Уай.
ТҮЙЕ ҮСТІНЕН ИТ ҚАПТЫ (ТАЛАДЫ)
Қашанда жолы болмайтын адам туралы. ~ Бағы тайған адамды, түйе үстінен ит қабар. М-М. ~ Сөйтіп үйленген Жақып еді. Қатынымен қалай өзі? — деп шал екеуден екеу отырып сыбырға көшті. — Жарасып-ақ кететін жандар, амал қанша, қырсық шалса қырсызды түйенің үстінен де ит талайды деп…Қ.Ысқ.
ТҮЙІН ТАСТАДЫ
Бүршіктеді, гүл жарды; гүлдене бастады, қауыз ашты. * Жігітке деген көңілі, бәлкім, түйін тастаған, әлі бірақ пісіп үлгірмеген шикілеу жеміске ұқсайды. Б.Нұрж. ~ Екеуінің денесі бір- біріне жуысып кеткенде, Кирисктің қолы абайсызда қыздың жаңадан түйін тастаған топ- томпақ төсіне тиіп кетер еді де, қыз баланың денесі дір- дір ете қалып, Кирискке жабыса түсер ед Ш.Айт. ~ Көктемде топыраққа түскен дән алдымен нәзік сабаққа ай-налып, артынан уақыты жеткенде бас жарады. Уақыты жеткенде тал бүршіктейді, өсімдік түйін тастайды, алма ағашы гүлдейді, гүл аузын ашады — шешек атады. Ә.Нұрш.
ТҮЙЕ ҮСТІНЕН СИРАҚ ҮЙІТТІ
Икемсіз, ебедейсіз істелген іс туралы. ~ «Қап, бүлдірдім- ау»,— деп қипалақтай шегінгенде, «түйе үстінен сирақ үйіткендей неткен ебедейсізсің-ай?! Шықшы әрі, солпимай»,— дейді Айжан даңғырлап дөңгелей жөнелген шелектің сылдырына қосыла шіңкілдеп. М.Сүнд.
ТҮЙІНДІ ІС
Маңызды, әлі шешімін таппаған шаруа. ~ Шынында Құдайберген намыссыз, жігерсіз жігіт. Оның ашуы да, серті де түйінді іске апармай, бос бұрқырап будай тарап кетеді. Т.Ахт. ~ Құдайға шүкір, төренің оң тізесіне тізе түйістіріп отырмасақ та сөзімізді тыңдата алар беделді кісілерінің біріміз. Содан да төрем ел жайы, жер жайы сияқты түйінді істерді шешерде өзімізбен ақылдасып, кеңесіп отырады. К.Сег.
ТҮЙЕДЕЙ ЖҮНДЕДІ
Сілесін қатырып ұрысты, жерден алып жерге салды. * — Мәке, — Раушан сөзді бөлді. — Қайтесің Нұрланның шала теориясын… Баянауылдың жері жетеді жыртуға… Якупов ертең өзіңізді түйедей жүндейді, планды орындамай бағыңыз! З.Шаш. ~ Әзім оны байқады ма, жоқ па, белгісіз көз қиығын саған керенау тастап, миығынан мырс-мырс күлді: — Жас кезіңде түйедей жүндеп жатса да үндемеуші едің. Байқаймын, батырым, сенің де терің жұқара бастаған екен. Немене, өзің шаптығып тұрсың ғой? Ә.Нұрп.
ТҮЙІНДІ СӨЗ
Мәнді, мағыналы, шешімді сөз. ~ — Е, ол қиын емес. Іздерміз, табармыз. Қазір, заң тілімен айтқанда, Әбутәліптің ісін қозғау керек. — Міне-міне. Ең түйінді сөзді бірден таптыңыз. Менің сізге келгенім де осы ғой. Ш.Айт. ~ Ақсақал осы бір түйінді сөзіндерін нық-нық шегелеп айтқандай болды. Бұл абыздың ертеңгі ұрпаққа берген өсиеті мен бұйрығы секілді көрінді маған. Қ.Бегм. ~ Мақсұт ойындағы жалғыз ғана түйінді сөзін сол жолы Қамарға ірікпей ашып: — Сені ойлаумен сабырым бітіп, өлер болдым! — дегенде, сондай шетін ынтызарлықты айта алмай буылып тұрған Қамар да, өз білдірерін осы жол жасырмаған. Ж.Ахм.
