Posted in

ШЫРАЙЫ ҚАШЫП БОЛМАДЫ

~ Зағипа — жасы жер ортасына келіп қалған, сары қатын. Бірақ көңілін анау-мынау келіншегіңе бермейді. Бетінің шырайы қашып болмаған ашаң, қағылез әйел әмсе жасаң көрінеді, Соған орай жеңіл-желпі тәжіке тілеп тұратын мінезі және бар. Т.Әл.

Posted in

ШЫР ЖҰҚПАДЫ

Жағдайы түзелмеді, оңалмады, семірмеді.~ Сидиған қарыңа қарап, жұрт сені шыр жұқпаған үйдің баласы екен дейді ғой. Ә.Кек. ~ Өзге жақтың байларына ерген жігіттер жұмырланып, жетіліп, әлденіп ауқаттанып, байып жатқанда осыған ерген кісінің бойына шыр жұққаны бар ма? І.Жанс. ~ Таңнан кешке дейін тапырақтап шабамыз да жүреміз… сондықтан шыр жұқпайды да біздейлерге. Д.Қуат. ~ Ә, бәсе, әне, анау қамыс өсіп тұрған жер Мәсет бұлағы. Өзі шыр жұқпаған кедей болған деседі ғой. Атағы құнан қойды бір өзі жеген мешкейлігі менен алып күшімен шығыпты. К.Жүн. ~

Posted in

ШЫР КӨБЕЛЕК АЙНАЛДЫ

~ Шошалаңдаған қағілез сендер тұмсығын жұлдырып, курс-курс сынып басы зеңіп, шыр көбелек айналады. Ж.Айм. ~ Ыстық қан басқа шауып, жер– дүние шыр көбелек айналып жүре берді. М.Сүн. ~ …дүние тегіс тағы да шыр көбелек айналып тұр, бірақ алғашқыдағыдай емес, оған да үйренейін дедім. С.Мүр. ~ Сәлден кейін, түсінен шошығандай, оқыс сілкініп, қанатымен су сабалап шыр көбелек айналды. Т.Сәу.

Posted in

ШЫР ҚАҚТЫ

Безектеді; жан даусы шықты. * – Ойпырмай қойсаңдаршы енді?! Қойсаңдаршы!.. – деп апам екі ортада шыр қақты. Қ.Ысқ.

Posted in

ШЫН ЖҮРЕКТЕН

~ Ол енді шын жүректен Қырмызының бөтен әйел болып шығуын тіледі. І.Ес. ~ Қайғы болса шын жүректен қайғыра алады, қуаныш болса бар ықыласымен қуанады. Б.Мом.

Posted in

ШЫН ҚҰЛЫҚ ҚОЙДЫ

~ Егер шын құлық қойса, айналдырған бесалты газетті оқып шығуға уақыт табуға болады. Құр кеудеге салатын еріншек– ақ. Оқымайды– ау, оқымайды. О.Бөк

Posted in

ШЫН МӘНІНДЕ

Расымен, шындығында. ~ Сен, Гүлзина, жақсы ұстаз екенсің. Мен бүгін сенің тәрбиелі шәкіртің болдым. Шын мәнінде мен ұлы Абайдың рухымен сырласқандай күйге түстім. Рас айтам… Ә.Асқ. ~ Алдын ала дайындап келген, жоспарлап келген сабақты, әйтеуір, міндет үшін өте салу емес, бір сөз болса да, бір сөйлем болса да, балаларға солай орысша үйрету, шын мәнінде үйрету! Ә.Тар.

Posted in

ШЫЛҒИ ӨТІРІК

Кілең жалған сөз. * Қырыққа келгенде де адам деген алжаса береді екен де. Құдай біледі, бұнысы шылғи өтірік. М.Сүнд. * (Оның атын сұрағаным жоқ-ты, сұрағанмен айта ма?) Айтпайды, себебі, мына ауланың ішін шылғи өтірік елесі кезіп жүр. Қ.Жиенб.