Posted in

ШЫН ЫҚЫЛАСПЕН

* Оның шын ықыласымен ұсынып тұрғанын түсінген ауыл адамдары жан-жақтан шулап кетті. М.Әбдіх. * Ақыры, Хақназар ханды жұрт болып шын ықыласпен қарсы алған. І.Ес.

Posted in

ШЫМ БАТҚАНДАЙ

* Жылқайдар екі қолын жая шалқасынан құлады. Көкірек сүйегі қақ айрылғандай, қатты ышқынтқан ауруды бір-ақ сезді… Содан соң қараңғы тұңғиыққа, шым батқандай. З.Шүкір

Posted in

ШЫМ ЕТТІ

Жүрегі өрекпіп, елең етті. * Сол отырыстың үстіне төрт-бес жігіт – Баймандар келді. Оларға серпіліп орын берісті. Неге екені белгісіз, найзағай ұшқыны зулап өткендей, Күнікейдің тамыр біткені шым ете түсті. Ж.Айм. ~ Таза құм бетіне ит тілінен үзіліп түскен жалғыз түйір мөлдір тамшы құлады. Іші шым ете түсті. С.Елу.

Posted in

ШЫНЖЫР БАЛАҚ, ШҰБАР ТӨС

Ықпалы, билігі күшті ығай мен сығайлар. ~ Не бір кеудесіне нан піскен жуан қарын байлар мен шынжыр балақ, шұбар төс шонжарлардың құрдай жорғалап өткенін, ордаға жалтақ-жалтақ қарап кіріп бара жатқанын көргенде, сыртқа білдірмесем де ішімнен: «Жасаған! Жеткергеніңе шүкір!» — деп қоямын. Б.Тоғ. ~ Бұл жерге ең таяу ауыл Қызылкөлдегі төренің ауылы еді. Сәкенді шынжыр балақ, шұбар төстің үйіне апармай, жұпыны дәулеті бар Шәді төренің тамына түсірді. Т.Әлімқ. ~ Шынтуайтқа келгенде тінібектің Аралбай бастаған жітікке саяқ өңкей қулары, шынжыр балақ, шұбар төстері бірігіп кетсе, Жәукені құртып жіберуге де бар. С.Ом. * Зорлап алайын десе, үш әйелі үш жақтан үріп қоя береді. Үшеуінің де төркіндері шынжыр балақ, шұбар төс, мықты адамдар. Ә.Шәр.

Posted in

ШЫМБАЙЫНА (ШЫМБАЙҒА) БАТТЫ

Қорланды; намысына тиді. ~ Салонды қоя берді өз жайына, Өзінің көнбеген соң ыңғайына. Аздан соң оның сөзін мұтып кетті, Басында батса- дағы шымбайына… Шәк. ~ «Е, жақсы картиналарды жинаса «Айша Бибі» де жаман болмағаны ғой, ─ деп, далбасалады қыз сөзі шымбайына батқан суретші. ─ Бірақ ілулі тұрған жерінен неге алып тастады екен?». С.Шай. ~ Шымбайға батқан шымшыма шамалы ширатты. Т.Әл. ~ Осындай сәні, салтанаты ерекше әйел затының бұған өмірде ең болмаса бір рет қызығып көз салмағаны, еркек деп елемегені шымбайына батады. С.Ел. ~ Поэмада Кебек қатал тағдыр туралы болжам шымбайына батқанмен, «жынның сөзін» қолма-қол ұмытып кетеді; Еңлікпен алғаш кездескен сәтінде де ойына ештеңе оралмайды. Е. Қуат.

Posted in

ШЫНИАҚ АЙНАЛМАС

~ Шынтақ айналмас ошақта омалып қалғанына күйінішті қайран көңіл — жалын бойына біткен бар күш- қайратын жиып, қазандық аузынан сыртқа атылады. Ыстық леп киімін, тізесін қыздырып барады. М.Қаб.

Posted in

ШЫМБАЙЫНА БАТТЫ

Қорланды; намысына тиді. * Салонды қоя берді өз жайына, Өзінің көнбеген соң ыңғайына. Аздан соң оның сөзін мұтып кетті, Басында батса-дағы шымбайына… Шәкәрім * Мына сықақ Бағданның шымбайына қатты батты. С.Шайм. * Оның кекесіні шымбайына батып, жүрегіне инедей қадалса да, ләм-мим деп сөз қайырған жоқ. С.Омар. * Аралбайдың жаңағы қорсынып тоқтатып тастағаны шымбайына батып, намысын қоздырып жіберді. Долдана буырқанып, бұрқырай сөйледі: ─ Әй, Аралбай! Сен жұрттың аузына қақпақ қоя алмайсың, қырып тастай алмайсың. Атаңнан қалған жерің болса, Бойковқа бөліп бер. Елді иттей аздырып, бордай тоздырып құрттың ғой. Осы сенің ақылыңа түсетін болған жоқ па? С.Омар. *

Posted in

ШЫНТАҚ ЕЛІ

~ Рас, кезінде сонша мадақталған кандидаттық, докторлық диссертациялар, соған орай жазылып, жарыққа шыққан, бірі шынтақ елі, бірі бармақ елі екі кітап та бүгінгі сарынымен үндес, яғни қазақта түк те болған жоқ, қазақ түк емес деген әуенде жазылған екен, бірақ ол кезде кім не айтпады, соның бәрін түгендесек, қазіргі отаншыл ұлтжандыларды түгелге жуық, түрмеге кеспесек те, қоғамнан аластау керек, яғни мұнда тұрған ешқандай криминал жоқ. М.Мағ.

Posted in

ШЫМҚАЙ ҚАРА

* Өте бір нәзік жәндік, сәнді, сұлу құс бауыр жүні аппақ, шымқай қара, ала мойнақ, айыр құйрық. С.Бақб. * … келіншегі екі қолын екі жаққа тастап, жастық үстіне шашылған қолаң шашының шымқай қара толқындарына тас батып жатыр. М.Қабанб. * Шорман да қап-қара құлындардың терілерін Омбыға апарып, қара көмірдей ғып боятып әкелетін бұл сияқты шымқай қара құлын жарғақ, өзге жұртта кездеспейтін. С.Мұқан.