Posted in

ШЫЛАУЫНДА КЕТТІ

~ Әлемдік сурет өнері үлгілеріне иек арта отырып, олардың шылауында кетпей, қазақ көркемсуретіне ұлттық дәстүрлерді молынан енгізуді, ұлттық болмыстың құндылықтарын барынша паш етуді мақсат еттім. Ә.Асқ.

Posted in

ШЫЛБЫР-ТІЗГІНІН УЫСЫНА ҰСТАДЫ

Билікті ешкімге бермеді. * «Бұйырған жоқ, жасы үлкен аға әрі бір кафедраның шылбыр-тізгінін уысында ұстаған профессор басымен өтінгенде, бұлданып бес күндік арам терімді қимағаным азаматтыққа сын емес пе» дейтін. Т.Сәу. * Шылбар-тізгінін уысында ұстаған ұлұғ мәртебелінің дегенін екі етуге әддісі қане. Иек изеген жағына дедектей жөнелген. Т.Сәу.

Posted in

ШЫЛБЫР ҚАШАҒАН

Асау, бас білмейтін. ~ Аттыға сөз, жаяуға жол бермейтін шылбыр қашаған Нұртай дәл осы сапар қалжаурап қалған екен. Тіс жарып үндемей, қара терге малшынып, өліп отыр. С.Ом.

Posted in

ШЫЛБЫР СҮЙРЕТУ

Алыстап кету?. ~ Қыл шылбырын сүйретіп, Қай шумағың шашау жүр? Әбден сені үйретіп Алдық білем, асау жыр. Қ.М-Әлі. ~ Сұңқар да бірақ бір кісілік әлі бар, шылбыр сүйретіп, асау үйретіп, көкпар тартып жүрген жан. Тақымы тегеуірінді. А.Алт. ~ «Ал, қалай?» – дейді екеуі. Сонда шолақ қол айтады: — Менде мынадай өнер бар, – дейді. — Мен шылбырын сүйреткен тайпалған қара жорға боламын, – дейді. ҚЕ.

Posted in

ШЫЖЫМЫНА ОРАЛДЫ

~ "Шыжымына оралып, итжемеде өлетін болды-ау", — деп, Көкжендетін аяған Сері: "Бопым, Бопымдап" шақырып, көрінген тоғай құсының шаңқылдаған даусына елегізіп жүре-жүре, тас қараңғы орманға қалай бойлай кіргенін де аңғармады. С.Жүн.

Posted in

ШЫЛБЫР ТАСТАДЫ

~ Иә, ел еркіндігі, ел азаттығы туралы заңдар қабылданған тұстарда жарғақ құлағы жастыққа тиіп жарымағандар санатынан Сафуан жиі көрінді. Жас жазушының шығармасына шылбыр тастау, классик жазушының музейін ашқызу, мазарын көтерту — бәрі де оны мазалайды. Х.Ерғ. ~ Мен жақсылап жүргенде, Ол жамандап үлгірді. Талай тастап шылбырды, Сүйреп едім құрғырды, Есін жинап алған соң Жігерімді құм қылды. Х.Ерғ.

Posted in

ШЫҚ БЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ

~ Қ а л и. Бұл заманның шық бермес шығайбайы үйінде ме, көрсетші көзіме! Орынбасар. Арқасымен қарсы алып міне тұр, тақсыр! Ғ.Мұст. ~ Оймауыт даласынан Нарқамысқа қарай шұбырған аш ел Құлатайдікіне соғып түней -түстене өтеді екен. Құлатай сол жылдары "шық бермес Шығайбайдан" асып түседі. С.Ел.