~ "Шығасыға иесі басшы" болғаны ма? Аузын жиғаны сол-ақ екен. Нөсер шын бұршақ, мұз бұршаққа айналып сала берді. М.Әу. ~ Қатыны ашуланып: — Иә, Қамар саған жөнін айтқалы тұр, оның ықтиярына жіберсек, Ахметтің қасында патшаны да керек қылмайды,- деп ол баяғы таусылмас түказзибанға* кетті. "Шығасыға иесі басшы" деп бұл жолы Қамарды да қара басты. С.Тор. ~ Сол жымиған күлкісімен бе екен, мұның түбіне жеткен. Қандай шайтан түртті. «Шығасыға иесі басшы» демекші, Төлептің екі айға МТС-ке мастерскойға кеткені де себепші болды-ау. Егін шөбінде жүргенде Дәнекер жымиып күліп мұны жағалай берді. Оның келгіштегенін өз жүрегі де теріс көрмейтін секілді. К.Қаз.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫБЫШ ЕШКІДЕЙ
~ Біресе көзіне мөлтілдеп жас кеп қалып, біресе қанын ішіне тарта жүзі қуарып, қайтерін білмей, ернін тістелеп отыр. Енді байқады, шыбыш ешкідей шап-шағын қыз. Шашы жалбырап тұр. Көзінің үп-үлкенін-ай! Н.Сам.
ШЫҒАСЫҒА КӨРІНДІ
~ Ол мұндай қорланбас. Аузына тіпті бетін қайтаратын жөндем сөз түспей қалды. Жо-жоқ… «Кештім» дей салшы. Өзімнің көңіліме келгені ғой… Сиырымның шығасыға көрінгенін қарашы… Ш.Бей.
ШЫБЫШ СҮЙКЕНБЕСЕ, ТЕКЕ АРТЫЛМАЙДЫ
~ Мен… ешкімнің ұясын бұзғаным жоқ! Ешкімнің әйелін зорлағаным жоқ… еркінен тыс!!! Желқуық ұрғашылардың өздері кінәлі!!! Шыбыш сүйкенбесе, теке артылмайды!!! С.Ел.
ШЫҒЫНҒА БАТТЫ
* Бұл нең? – десе біреуге Жоқ нәрсені шатады; Құтылам, – деп ісінен, Бәрін көріп кісіден, Шығынға әбден батады. Абай.
ШЫҒА ОЙЛАМАДЫ
Болашағын болжамады, алдына көз жібермеді. ~ Ер ісі — ақылға ермек, бойды жеңбек, Өнерсіздің қылығы өле көрмек. Шыға ойламай, шығандап қылық қылмай, Еріншек ездігінен көпке көнбек. Абай.
ШЫҒЫСА АЛМАДЫ
Сыйыспады. * … өзінен шені жоғары кісілермен мүлдем шығыса алмағасын, осы рабфакқа жіберген екен дейді айтушылар. О.Сәрс. * – Е, Тәке, бірде ұғысып, бірде бұғысып жүрсек те шығыса алмай қалған, «Еп, бәлем, тұра-тұр!» десіп, көз алартысқан кезіміз болмапты. К.Сегізб.
ШЫҒАНҒА ШЫҚТЫ
Алыстап кетті, аулақ жүрді. ~ Нұртай осыны айтып тыныстап алды да, дәм-тұз, тілек-бата, ата-баба, салт-сана турасынан сөз қозғап, шығанға шығып кетті. С.Ом. ~ Көктемі жақындаған күн шығанға шығып алып, бар мейірімін төгіп-ақ тұр. Бірақ мына даланың әлі тірілер түрі жоқ. Ә.Әб. ~ Аттан ауып калмаған солдаттар атыс салып шығанға шығып бара жатыр. Б.Тоғ. ~ Жақсы ата-ана осылай баласының тәрбиесін өзгелерге тапсырып, өзі жанын күйттеп, шығанға шығып кетер ме еді? Әй, кетпес еді-ау? Қашан өз нанын өзі тауып қолы аузына жеткенше бәйек болып, басы-қасында жүрер еді-ау? Е.Әлім. ~Нәркес жанарын сілбі басып, нәуетек жүрегін кіреуке торлады. Шығанға шығып шарықтаса да қызыл асықтан келетін қырсықтан құтылмады. Нұрлы қаяттың суындай мөлдір әлем тек қиялда ғана көрініс табады екен. Ә.Ыб.
ШЫҒЫСЫП КЕТТІ
Сыйыспалы; тұзы жараспады. * Әсіресе, бөпелі болғаннан кейін мүлдем шығысып кетті. Шекесі қушық, мінезі шырт етпе күйеуімен де етене болды. Қанша ашуланса да төбелеске бармайтын әдеті іш тартқызды. Тек, қобызы түскірін суқаны сүймейді. Т.Әлімқ. * Көлденең көз сұғынан таса іздеп, ақырында Шыңғыс сыртын ес тұтып ықтасын сезінген. Өнерлі жігіт, он саусағы іскер де, ісмер сұлу келіншек көрші-қолаңмен тез-ақ шығысып кетті. Үйір айқастық көпке жеткізді. Е.Зейіпхан
ШЫҒАНДА БІРЕУ
ОДИН ИЗ ТЫСЯЧИ
