БІР ОЙДАН БІР ОЙ ҚОЗДАДЫ (ТУЫНДАДЫ)

Қалың ойға шомды. ~ Жанай да ұйықтамақ боп көзін жұмған. Жоқ, ұйқы келер емес Бір ойдан бір ой қоздап, қат-қабат жайлар көз алдына тіркеле берді. С.Мұр. ~ Үнсіздік әбден тойдырған. Билейтін желмен шуылдап, Ақ қайың үнсіз қалғып тұр. Бір ойдан бір ой туындап. Қ.Бұғ. ~

БІР ОЙДАН БІР ОЙ ҚОЗДАДЫ (ТУЫНДАДЫ) Read More

БІР НҮКТЕГЕ ҚАДАЛДЫ (ҚАДАДЫ)

Көзін бір жерден алмай, мелшие қалды. ~ Хатты оқып болғанда, Мәметтің қыли көзі Алатаудың басындағы қарындай жылтылдап, әлденелер есіне түсті, түктеліп келе жатқан еріні ақырын мұңайып, жымиғандай болды. Көздері бір нүктеге қадала қарады. Ж.Айм. ~ Сосын тамақ түймесін ағытып, ойсоқты кісіше екі көзі бір нүктеге қадалып, көптен ұстара көрмеген екі жағын мүйізгек басқан алақанымен алма– кезек сипалап, мазасыздау күй кешеді. Қ.Жиен. ~ Жігіт көкірегі шым– шым сыздап, көзін бір нүктеге қадаған күйі мелшиіп отырды да қойды. С.Ас.

БІР НҮКТЕГЕ ҚАДАЛДЫ (ҚАДАДЫ) Read More

БІР НОҚАТЫ КЕМ

Бірдеңесі жетісейді, ақылы кем. * Ноғайқұл жымиып күліп алды. Ішінен: «осы баламның бір ноқаты кем, не елден асқан зерек, әйтеуір әбі-тәбі емес», – деп отыр. Т.Әл. * Ноғайқұл сұмдық шамданды. – Жігіттің әскерге жарамағаны өлім! Неге қайтарды сені? Базарқұл ағынан жарылды: – Дәрігер әйел: «Бұның бір ноқаты кем!» деді. Ноғайқұл күліп жіберді. Т.Әл. * Ішінен: «Қай- қайдағы ағашқа аузың суы құриды. Құдай біледі осының бір ноқаты кем!» деп отыр. Т.Әл.

БІР НОҚАТЫ КЕМ Read More

БІР МҮЙІЗІ ЖЕР ТІРЕП, БІР МҮЙІЗІ КӨК ТІРЕДІ

Ауых әдебиетінде, жыр-дастандарда кездесетін үлкендік, күштілік сипаты. ~ Қазақ бақсыларының «ойыны» көбінесе бақсылық өлең-сарын ретінде айтылады. Олар өздерінің «жынын» кейде жеңсіз берен киінген, лашын құстай түйілген» деп, қалың жауға қарсы шауып, қамал бұзған батыр бейнесінде, кейде қара шұбар айдаһар», «жер тырнақты жолбарыс», «азу тісі балғадай қара бура», «бір мүйізі жер тіреп, бір мүйізі кек тіреген көк бұқа», болмаса, әлем дүниесін бұрқ-сарқ өткізген қара бұлт, қарлы дауыл бейнесінде келтіреді. С.Мұқ.

БІР МҮЙІЗІ ЖЕР ТІРЕП, БІР МҮЙІЗІ КӨК ТІРЕДІ Read More

БІР МОЙЫНДАП КЕТТІ

Қиқарланды, қиястанды, бірбеткей мінез көрсетті. ~ Қызылдан келген құттықтар да, Қарақұмның алтынбайлары да тамсанып отыр. Әйдербектердің араға сөз жүгіртіп әлгі сөзді әдейі айтқызып отырғанын Бесбасбай білген жоқ. — Біз Ақшатауды аламыз! Бесбасбай айтпайды. Бірмойындап кетсе, айтқан ақыл ем болмайтын еді. З.Шүк.

БІР МОЙЫНДАП КЕТТІ Read More

БІР МОЙЫН БИІК (ОЗЫҚ)

Адамгершілік болмысы, парасат-парқы басқалардан жоғары адам туралы. ~ Мынау отырған Қожабек өз күнінде кімнен кем еді? Досы түгіл қасы да кісілігін аттап кете алмайтын. Белі бүгілмесе-ақ, басы иілмесе-ақ деген, қу тірліктен бір мойын биік азамат емес пе! Т.Әбд. ~ Бірінде жұмыр басты пенде атаулының күйкі тіршілігі бейнеленсе, бірінде пенделіктен бір мойын озық жаратылған азаматтың биік мұраты шымыр суреттеледі. Р.Нияз. ~ Бір кездері әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, ғылым-білім, мәдениет пен спорт салаларында да Алғаның бірқатар аудандардан бір мойын озық болғаны рас. БАҚ (www.aktobegazeti.kz) ~ Пенделiктен бiр мойын озық жаратылған Ел-ағаның қасиетi, мiне, осындай тектiлiгiнде жатыр… Д.Ізтілеу. (Turkystan.kz)

БІР МОЙЫН БИІК (ОЗЫҚ) Read More

БІР МОЙЫН

Айтқанынан қайтпайтын, қайсар, бір біткей. ~ Тықпа сақал, бір мойын жаман Мұсабай «Бозінген» бірдеңе айтса «Іңга» дей алмайтын. Ж.Айм. ~ Өзінің сөзге тоқтауы жоқ па қалай?! Жеңілгенін білмейтін бір мойын білем. Арақ ішсе не? Ішсін… Ақылын ішуге бола ма екен?! М.Сүн. ~ Әкпар екі иінінен ауыр дем алып ыс-ыс етеді. Көмекші шопан, реті, ойға алған ісіне бар ынты-шынтымен берілетін бір мойын жан сияқты. М.Қаб. ~ Меңтай арқасынан әлде бір ауыр жүк түскендей, ішіне сыймай жүрген осы бір мойындау сөзін Сәлима емес, бейне бір езі айтқандай боп, масайрап, рақаттанып қалды. Ә.Нұрш.

БІР МОЙЫН Read More

БІР ҚЫЗЫҒЫ

Бір айтарлығы. ~ Бір қызығы, бұл Алматы сияқты республика астанасының іргесінде отырған аудан ғой. С.Шай. ~ Мүмкін жаны жәннатта болған шығар? Құдай білмесе, біз қайдан білейік. Бір қызығы, қарадай қан төгіп, бейбіт жатқан елді қынадай қырғыншылыққа ұшыратқандардың қатарында, Шыңғыс хан көрінбейді. Т.Рыс.

БІР ҚЫЗЫҒЫ Read More