Не болса соған қайғырды, ренжіді. ~ Е, Бибипатма пірім, жар бола гөр! Е, ата-бабамның əруақтары желеп-жебей…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ӘР ҚОЛ ӨЗ ҚАРЫНА ТАРТАДЫ
Кім-кім де өз қамын ойлайды д.м. ~ Тоқалдың бұл сөзіне Сатанның көңілі тіксініп қалды. «Қанша бауырластық…
ӘР ҚАДАМЫ САНАУЛЫ
Не істегенінің бәрі бақылауда д.м. ~ Он сегіз жасар жас қызды салған беттен басқа мінез, жүріс-тұрысқа…
ӘР КӘМАЛҒА (КЕМЕЛГЕ) БІР ЗАУАЛ
Қандай іс болса да, жауапсыз қалмайды д.м. ~ Өткенді ойлап қайғырма, Әр кәмалға бір зауал Ежелден…
ӘР БАСҚАН ҚАДАМЫ
Не істеп, не қойғанының бәрі, тыныс-тірлігі. ~ Мұны айтып отырғаным, бір адамның әр басқан қадамын, тіпті…
ӘР БАСҚАН АЯҒЫ САНАУЛЫ
Не істеп, не қойғанын аңдып жүрген адам бар. ~ Науан келгелі өзімен дәрежесі тең түсерлік имам…
ӘР АЙҒЫРДЫҢ ҮЙІРІНЕ СІҢДІ
Бірлік сақтамады, жан-жаққа тентіреп кетті. ~ Біз бұлай жатсақ, ел іші жарылады. Әркім әр айғырдың үйіріне…
ӘР АЗҒЫНҒА БІР ЗАУАЛ
Арам пиғылды, азғындық жолына түскен әр пенденің алда әйтеуір бір тартар азабы болады. ~ Аман бұны…
ӘР (САН) САҚҚА САБЫЛДЫ (САБЫЛТТЫ)
Неше түрлі жорамал жасап, сан түрлі пікір таратты. ~ Олар қатыгездіктің қолымен жасалады және солардың қолында…
ӘР (БАСҚАН) АДЫМЫН АҢДЫДЫ
Не істеп, не қойғанын түгел бақылады. ~ Кеудесіне кіріп алып, әр адымын аңдып, тежеп ұстайтын қатал…
