~ О кісі шахматқа әкесі өлгендей жан-тәнін салады, шаруасы шалқайса, кәдімгідей қызараңдап, шатақ шығарады — шақар… Әсіресе Елтай десе, шыбық тисе шыңқ етер; ол лауазымы төмен, оның ішінде өзіне күні түсетін қызметкерден опай-топай ұтылуды ар көреді. М.Қаб. ~ Мына сенің шыбық тимес шыңқ етер нақсүйерің құлағына тарыдай шыны тағып алыпты. Менің қатынымның үш алтын сырғасы бар. Ал, неғыласың? Ш.Мұр. ~ Ол кезде шыбық тимей шыңқ етер жалған қылығы есінде жоқ, енді бүгін ермектен адыра қалған арам етіне таяқ тілегенінен не пайда. Қ.Ысқ. ~ …Осы Оспанмен асыққа таласып, төбелесіп қалды. Шыбық тимес шынқ етер көк долы. Оспан баж-бұж етіп жеті атасына түсіп қиянаттаған. О.Бөк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫБЫНДАҒАН ЕШКІДЕЙ
Жөн-жосықсыз қозғалақтап, тыным таппау; берекесі кету. * Ізет тіс жарған жоқ. Төребай тағы да шыбындаған ешкідей қыбыжықтай бастап:— Тек мына Керманы түспегір тиышталса екен‚ — деп бір қойды. Б.Алд. * Ентігіп отыр, бірақ күресіп жеңгеніне мәз боп отыр. — Ал, шыбындаған ешкідей шипыңдаған неме! Ғ.Мұс.
ШЫБЫҚ ТИМЕС — ШЫҢҚ ЕТЕР, ҚАМЫС ТИМЕС — ҚАҢҚ ЕТЕР
~ Әйел көңіліне желік кірсе, әлдекіммен әуейіленсе тірек тапқаны, «сенің базарың тарқап», қызығың таусылғаны. Қатын ол кезде шыбық тимес — шыңқ етер, қамыс тимес — қаңқ етер» кінәмшіл, жаңа, бойына біткен жас сезімнің құлы. М.Сүн.
ШЫБЫН-ШІРКЕЙ БОП БЕЗДІ
~ Ықсаным бірдеңе- бірдеңе деп ара түскендей күңкілдейді. Ә, қатынжанды жайрағыр! » — деп сабаумен салдым кеп. Ол да шыбын- шіркей боп безді. Содан екеуі менен қорқып екі күнге дейін үйге жолай алмай жүрді ғой. С.Мұр.
ШҮБӘ КЕЛТІРДІ (КЕЛТІРМЕДІ)
* Әулие бес жүз жыл жасаған екен дейді. Әнетей сол жерге шүбә келтіреді. Пайғамбардың аманаты бір түйір хұрма… М.Сүн. * Сондықтан революцияға шүбә келтірген ешкімді аямадым, тап жауы деп өлтіре соқтым. М.Сүн. * «Қай жеріңнен жарадар болдың?» десе, міне деп, мойнымдағы аурудан болған жараны көрсетем. Ешкім де шүбә келтірмейді, сенеді. Әскерден қайтқанның бәрі — ақ жараланып қайтқандар деп ойлайды. Б.Соқп.
ШҮҢІРЕК КӨЗГЕ ШӨП САЛУ ҚИЫН
* Мүйізі қағылған басты үйітіп, қолдан сойғандай етті. Ішек- қарны салынбағаны болмаса, мүшенің жөні түзу боп шықты. Шүңірек көзге шөп салу қиын. Ноғайқұл жаңа еттің төркінін түйткілсіз таныды. Т.Әлім.
ШҮБӘ ҚЫЛДЫ
* Мағаш іле күлді де: — Қыблаңызға шүбә қылмаймын, Ақыл аға! Бірақ жаңағы айтқаныңыз шын болса, қыбланамаңыз қисық көрсетіп тұрған сияқты!— деп мысқыл айтты. М.Әу.
ШҮҢІРЕК ҚАБАҚ
~ Қазақша-өзбекше араластырып, анда-санда түркпен мен тәжік сөздерін араластырып қойып сөйлеп жүрген мына қыздың қай ұлт екенін түсінбей-ақ қойды. Қабағы шүңіректеу демесең, қазақ қызы сияқты. Бірақ қазақта да көп қой, шүңірек қабақтылар. Мейлі, кім де болса, сүйкімді сұлудың өзі екен. АҚ. "Арпалыспен.."
ШҮБӘ ТУҒЫЗДЫ (ТУДЫ)
Күмән келтірді; сенімсіздік пайда болды. ~ Бертінде жалғыздыққа өзі де үйреніп, еті өліп, күйеуінің бейнесі солғын тарта бастағаны кәміл; мүлде ұмытты деу қиын, дей тұрғанмен Майраға кейде соның жарық дүниеде болғанының өзі шүбә туғызып, ертеде көрген бір түсі сияқтанады. М.Сүн. ~ Алғашқы бетте жақсы танысымдай боп көрінгенімен, дәл қазір, менен гөрі назары кітапқа ауып отырған қыз, осы бір секундта бейтаныстана бастап, оны білетіндігіме де шүбә туып қалды. М.Иманж.
ШҮҢІТ КӨЗ
* Солаң етіп қай жақтан шыға келгені белгісіз, сидам бойлы бір жігіт көлеңкедей қалқайып қасыма тұра қалды. Шашы, қасы қап-қара, шүңіт көз, аққұба, әдемі жігіт. Т.Сәу.
