Біржола келмеске кетті, із-түссіз ғайып болды; аты өшті. ~ Енді орман қоры ретінде бүл өңірден Жындысайдың…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТЫН ТЕРГЕДІ
Есімін жанамалап, тұспалдап атады. ~ Әкемнің молдалығы бар, құран біледі деп қорқады екен. Тіптен жас кезінде…
АТЫ ӨШКІР
Құрып кеткір, оңбағыр. ~ Ойбай-ау, о не дегенің! Бір емес он ажал қатар келсе, сені қолымнан…
АТЫН ТОЗДЫРДЫ
Әбден өсектеп, әңгіме қылып, сау-тамтығын қалдырмады. ~ Ғаббасқа қасындағы жолдастары Ғайша жайын көптен баян еткен гүбірнелік…
АТЫ ӨШТІ
Біржола құрыды; жоқ болды, келмеске кетті. ~ Қызыл мола болысына ңараған қан ңұйлы ұрының ауылы —…
АТЫНА (АТАҒЫНА) КІР КЕЛМЕДІ
Ұятқа қалдырмады, жақсы атына нұқсан келтірген жоқ. ~ Салт атты баспашы, тұтқиыл соққан көк дауыл. Жанқожа…
АТЫ ШУЛЫ
Атағы дүркіреп, елге жайылған. ~ Сендердің қолыңа баратын болыстарыңдағы жуандардың спесігі беріледі. Бұл спесіктегі өзіміз білетін…
АТЫНА ЗАТЫ САЙ (ЕМЕС, КЕЛМЕЙДІ)
Адамның не басқа бірдеңенің сырт көрінісі, атауы мен ішкі мазмұны сай келетіні (не келмейтіні) туралы. ~…
АТТЫҢ БЕЛІН СУЫТТЫ
Дем алдырды, тыным берді. ~ Алай асып, Қаратау басып, үш айрықтың бойына жетіп аттың белін суытады.…
АТТЫҢ ЖАЛЫ МЕН ҚҰЙРЫҒЫ АРАЛАСТЫ
Әуре-сарсаңға түсіп, берекесі кетті. ~ Жүріп кетті. Сабалақ бұлттың астында екі жігіт қанша жорытты. Су киімді…
