Өтіне сұрады, жалынды. ~ Менің кішкентай ақ бәкіме де, бір жағы көк, бір жағы қызыл алты…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АТТАЙ ТЕБІСІП, АЙҒЫРДАЙ ШАЙНАСТЫ
Аянбай айқасты, шекісті. ~ Екеуіміздің қайсымыз ер, қайсымыз есер екенімізді кім білсін. Әйтеуір бір жолы аттай…
АТТАМАЙ ЖАТЫП СҮРІНДІ
Ә дегеннен жаңылысты, қате жіберді. ~ Мана кабина ішінен қыстауға көз салғанда-ақ қайтар-қайтқанша біраз қатеге ұрынатынын…
АТТАН ЖЫҒЫЛДЫ
Ат үстінен қлап түсті. ~ Ат үркіп, арыстаннан, жығып кетті, Құдайдың құдіретін көр, не қылады?! Жығылып…
АТТАН ОЗДЫ БАЙТАЛЫМ
Әйел баласының еркектен асып кеткенін меңзейтін тіркес. ~ Жақаулар Тайландқа бара жатыр… «Аттан озды байталым» дегендей,…
АТТАН САЛДЫ
Ұран тастады, дабыл қақты. ~ Рахмет, жауынгерлер! — деді командир. — Қазіргі сағаттан бастап, бәрің де…
АТТАН ТҮСТІ
Лауазымнан айрылды, биліктен түсті. ~ Бүкіл елде сапырылысқан өзгеріс. Ескі басшылардың дені аттан түсіп жатыр. Т.Сәу.
АТТАНҒА АЙҚАЙ ҚОСТЫ
Шу үстіне шу қосып, дау-даңғаза салды. ~ … жазбаларымның алғашқы беттері жариялана бастауы мұң екен, біреуі…
АТАСЫНЫҢ ҚҰНЫ ҚАЛҒАНДАЙ
Өші кеткендей. ~ Сайды бойлай біткен сары ала бас жоңышқада атасының құны қалғандай үздіге орып келе…
АТАУЫҢДЫ ІШ
Өле қал д.м. қарғыс. ~ Досан қарт кенет қайратына мінгендей даусы қатқыл шығып: — Атауыңды іш,…
