Posted in

ТАҢ АСЫРДЫ

Атты таң атқанша қаңтарулы қойып, суытты; баптап күтті. * Мінген аттарыңды таң асырыңдар, қызыл май болып қалады, – деді Бөлен. Ә.Шәр. * Ауыл Сарысуда. Түнде бір жақтан жолаушылап келіп, аттарды таң асырып жібергенмін. Б.Тоғ. * Құдалардың келу қарсаңына бозбалалар да дәмелі аттарын таң асырып, ер тоқымын, айыл-тұрманын түзеп, қам қылысты. Ж.Айм.

Posted in

ТАҢ СЫЗАТ БЕРДІ (АТТЫ, АЛДЫ)

Таң бцліне бастады, таң қылаң берді. * Дәл қазір бір жағымыз су — асты бұлт, бірақ бұлт астынан ел-ел көрінеді. Таң сызат атып келіп, қазір көк сәуле молайды. М.Әу. ~ Сөйтіп, таң атқанша берік қораның ішінде дүрілдесті. Таң сызат бергенде, киім — кешектерін арқаласып, қақпадан шұбап жігіттер шығып кетті. І.Жанс. ~ Таң сызат бере дәрет сындырмақ болып, түзге шықса, таң асырып қойған қорадағы биенің жоқ екенін көреді. С.Жүс. ~ Сатандар шилі апаннан аттанып, Мардандардан айырылған соң екі күн бір түн жолда жүрді. Соңғы түні, түні бойы тынбай жүріп келіп, таң сызат алғанда Қоянды жәрмеңкесінен асып, Жартастың бастауы деген жерге келіп, көліктің белін босатысты. І.Жанс. .

Posted in

ТАҢ АТЫРДЫ

Уақыт өткізді. ~ Ақ тұман жұтқан‚ жауын шайған ауыр күнде аттанған аңшының да сезімі сырғақ‚ ойы бұлыңғыр тартқан. Бұлабикеге қандай байлаулы уәж айтарын білмейді. Баяғы бір таң атырған жүздесуден кейін тиіп-қашты ғана жолығысулар болды. А.Алт. ~ Не болса да көрпеге бүркеніп алып, таң атырмақ болды. Осындайда таң да атуға ерінгендей түн қараңғылығынан арылар емес. Е.Рақ.

Posted in

ТАҢБА БАСТЫ

Қолын қойып, мөр басты. ~ Сенбейін десе, қазақтарға Абдыра мен Қараүңгір өзендерінен екі тоған су берілгені туралы өкімет бұйрығы маньчжур және қытай тілдерінде мөрдей бадырайып жазулы тұр. Аяқ жағына Іле жаңжұңының өзі қол қойып, таңба басқан… Қ.Жұм.

Posted in

ТАҢ АТЫРМАДЫ

Тыныштық бермеді; күн көрсетпеді. . * Мұсабай үндемеді. Қатын шіркін бір жеңіп алған соң, таң атыра ма? Өзінен шығар өнері болмаған соң, Мұсабай қатынға қол тапсырып, пір қылған ғой. Қатыны болмаса, бұл Бірмағанның құлы емес пе? Ж.Айм. . * Бұрын да кемтар бейшараға таң атырмай жүретін, ермек іздеп еріккен қуаяқтардың бәзбіреуі енді түймедейді түйедей етіп өсіріп, өршітіп жіберген. О.Сәрс. * Бастығымыз аңғал да жуас кісі еді. Ләпбаев соған жағып алды да басқамызға таң атырмай қойды. Ж.Алтайб.

Posted in

ТАҢБА САЛДЫ

Өшпестей із қалдырды. ~ Адам тағдырымен ойнағандардың қатарында жүргендігім үшін. Сенің соңыңнан ерген сөздің бүкіл өміріңе таңба саларын ойламағаным үшін… Г. Сейт. ~ Өз жүрегімізді былай қойғанда, қара жердің қыртысын тіліп, тәніне сойдитып қаншама таңба салдық. С.Сағ.

Posted in

ТАҢ АТЫРЫП, КЕШ БАТЫРДЫ

Бар уақытын өткізді. * Өзі кедейшілікте өскен соң ба, байдың жалғызы дегенге көз алдына күні-түні ел жыр ғып айтатын Қарқаралыдағы Акметовтың ағаш үйі елестеп, қашан құдалар келер екен деп елеңдеумен таң атырып, кеш батырды. С.Досж. ~ Жаңа бұның алдында окопты Дьяков аралап кетіпті. Қанша күннен бері бел шешпей, окопта таң атырып, күн батырып жүрген жігіттер винтовкаға басын сүйеп қалғи бастады. Ә.Нұрп.

Posted in

ТАҢҒАЖАЙЫП ҚАЛДЫ

Таң-тамаша болды. ~ Бұл ғаламды көрдің, өлшеуіне ақылың жетпейді, келісті көрімдігіне һәм қандай лайықты жарастықты законімен жаратылып, оның ешбірінің бұзылмайтұғынын көресің. Бұлардың бәріне таңғажайып қаласың һәм ақылың жетпейді, осылардың бәрі де кез келгендікпен бір нәрседен жаралған ба, яки бұлардың иесі бір өлшеусіз ұлы ақыл ма? Абай.

Posted in

ТАҢ БОЗАМЫҚТАНДЫ

Таңның алғашқы сәулелері айналаны бозғылттандырды. * Саурық таң бозамықтанып қалған кезде көзін ілді. Ә.Шәр. ~ Жауы "нан қалың малды олжаға алып, Тыныш күшті қазақ қолы шығар көшті. Бозамықтап таң атты, Таң астына қараса, Будақ- будақ шаң шықты. БС. Жәнібек батыр. ~Күзгі түннің ұзақ таңы бозамықтана бастаған кезде ғана ол тысқа шығып, ұзақ керілді. К.Сег.

Posted in

ТАҢҒЫ ТАМАҚ ТӘҢІРДЕН

Жаратқанның несібесі таусылмас деген мағынадағы үміт. ~ …баяғы сол қалқиған тал шаңырағын жал басына жарбита көтеріп, баяғы сол талтақ бұт тал бесігін күні-түні тербетіп, таңдағы тамақ тәңірден деп, қырық жыл қырғынға тап болса да, күдерін үзбей, келешекке кеңірдегін созып телмеңдеп баққан бұл не қылған өлермен жұрт еді! Ә.Кек. ~ "Таңғы тамақ Тәңірден" деудің орнына, ертеңгі күнім не болады деген уайым, қалтаға сынық бәтерді артық салдыратын сақтыққа үйреткен. Қ.Ысқ.