Жолы ашылып, бағы жанды.~ Аянбай оқып, әншілік өнерді меңгеруге күндіз-түні еңбек еткен Бірләннің де айы оңынан, жұлдызы солынан туар күні таяп келе жатқан-ды. І.Ес. ~ Бір-ақ күнде БиС – Бибол мен Санабикенің айы оңынан туды. Жұрт жел жағынан жүрмейтін, оң жағынан күңкілдейтін күйге жетті. А.Алт.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АЙЫ ОҢЫНАН, ЖҰЛДЫЗЫ СОЛЫНАН ТУДЫ
Бағы ашылып, тасы тауға өрмеледі. ~ Аянбай оқып, әншілік өнерді меңгеруге күндіз-түні еңбек еткен Бірләннің де айы оңынан, жұлдызы солынан туар күні таяп келе жатқан-ды. І.Ес.
АЙЫБЫ ЖОҚ
Әбестік емес. ~ Жөн сұрау – қазақтың бойына дарыған әдебі. Түнде сауық думаны, одан қайтқанда соның қызығы меңдетіп, бірдеңе сұрау да ойына келмепті. Қазір сұраса да айыбы жоқ… Қ.Тол.
АЙЫБЫН (КҮНӘСІН) ЖУДЫ (ЖУЫП-ШАЙДЫ)
Жасаған жөнсіздігі; жіберген қателігі үшін ақталуға тырысты.
~ Әлде ризашылығы, әлде селт еткізіп сезімге бөлей алмаған айыбын жуып-шайғаны ма, сыбырлай жалап-жұқтап, ышқырына жасыл қағаз қыстырып жатқаны. Т.Сәук. ~ Әлжанның сөзінен жиіркене қабағымды түйдім. Маған «шахтаға қал» деп жатқаны баяғы өзінің Ақбаян үшін мені майданға жіберген айыбын шайып-жуу екенін де түсініп отырмын. І.Ес. ~ Алды қатты, арты жұмсақ, зіл, кек сақтамайтын Алшағыр жаңағы айыбын жуып-шайғысы келіп, қауырт қимылға көшкен. М.Қаб.
АЙЫБЫН БЕТІНЕ БАСТЫ
АЙЫБЫН БЕТІНЕ БАСТЫ
Қылмысын, қателігін, кінәсін тура өзіне айтып, айыптады. ~ Өлең жазумен әуестенем. Бірақ біреу «жас ақын» ден атаса, жұрт көзінше айыбымды бетіме басқандай ыңғайсызданып тұрам. Б.Соқ.~ Нұрғали ашуланбақшы да болды, айыбын бетіне басып отырған Ділдәдан бұрылып, сырт беріп кетпекші де болды. Б.Май. ~ Бұл халық қандай, айыбын бетіне басып желкелегенге жүріп тұр ғой. Б.Жұм. ~ Аянбай, айыбын бетіне басып, кергіген кеудесін тәубасына түсіргендей-ақ едім. А.Алт.
АЙЫБЫН ЖУЫП-ШАЙДЫ (ЖУДЫ)
Ақталуға тырысты. ~ Менсінбеді, көңілін таба алмадық деп намысқа шауып жаныға түседі. Әлде ризашылығы, әлде селт еткізіп сезімге бөлей алмаған айыбын жуып-шайғаны ма, сыбырлай жалап-жұқтап, ышқырына жасыл қағаз қыстырып жатқаны. Т.Сәу. ~ Арыстан ғажайып ұғымтал ит. Бұрынғыдай басқа қарғып, мәре-сәре еркелемейді. Сыпайы. Сырбаз. Жақындамайды да. Әйткенмен ретін тауып айыбын жуып-шайғысы бар. М.Қаб. ~ Мұнысы, бір жағы — өзінің ауа көшкен айыбын жуғаны болса, екінші жағы — Алпамыстың артық жаралған ерлігіне көңілі толған шын пейілі еді. А.Сей.
АЙЫБЫН МОЙНЫНА АЛДЫ (МОЙЫНДАДЫ)
Кінәлі, айыпты екеніне келісті, жөнсіздігі үшін ұялды, кешірім сұрады. ~ Жігіттер айыбын мойнына алғандай ұялайын деді, аттарына қарасты. Қара терге шомылып, бəрі де сүмектей болып сеңделіп қапты. Ж.Айм. ~ Щипачев ренжіп, залды тастап кетті. Біз де реніш айттық. Ол айыбын мойынға алып, кейін кешірім сұрады. М.Әу. ~ Малдыбай айыбын мойындағандай, төмен қарап үндемей қалды. Т.Әбд. ~ Нұрлан айыбын мойнына алып, ендігәрі қолы босай қалса, тура осылай тартатынын айтып әрең құтылды. Б.Тоғ.~ Ер қыранның жанына серік бола алмаған айыбын мойындаған күнәкәрдай жасып, именіп тұрып қолын сермеп қалды. Ғ.Біл.
АЙЫБЫН МОЙНЫНА ҚОЙДЫ
Қылмысы дәлелденді д.м. ~ Бұл өтірік донос!.. Бұл үкімет кісісін өтірік қаралау!.. Дәлелмен, документпен Петровтың айыбын мойнына қойыңдар, әйтпесе өтірік жала үшін сотқа берілесіңдер! — деп, үстелді қойғылап шаптықты-ай келіп. С.Сей. ~ Бұл іс мемлекетті басынғандық, – деді ол. Қайда барса да, кімге сөйлесе де,– егер де қатты тыю болмаса, қазақтар тағы да бас көтеруі мүмкін. Сондықтан, айыбы мойнына қойылып, абақтыға түскендерге ешбір аяушылық болуға тиісті емес. С.Мұқ. ~ «Жазықсыз» жапа шегiп, сойылға жығылған бес жылқышы мен әй жоқ, шәй жоқ қолды болған бiр айғыр үйiр жылқысы үшiн Алдиярдың айыбын мойнына қойып, тiзерлетiп қайтпақ. К.Сег.
АЙТЫП СҰРАМА
Сөзбен айтып жеткізу қиын. ~ Бұрын өмірі іргесі бөлінбеген туыстардың бір- біріне деген сағынышын айтып сұрама! Қ.Жұм. ~ Әсіресе өзінен жасы үш, төрт жас үлкен ешкі бас, сойдаңдаған, қылқа мойын балаға өшіккенін айтып сұрама. Б.Жұм.
АЙЫБЫН МОЙНЫНА САЛДЫ
Қылмысын дәлелдейтін айғақтарды келтіріп, мойындатты, айыбын бетіне басты. ~ Құлагерді кім күндесе жауыздық та соның қолынан келді. Табыңдар, айыбын аямай мойнына салыңдар. Сонда ғана Сағынай бір аунап түседі. С.Жүн.
