АЙЫП КӨРМЕ (ҚЫЛМА)

Ренжіме, өкпе сақтама, әбестікке балама. ~ Ертесіне тура сағат тоғызда Әбжал тергеушінің алдында отырды. – Шырағым, осы сенің түсің таныс сияқты. Ұқсатам. Бірақ кімге?.. – деді салғаннан. – Айып көрме, әрине. Н.Дәу. ~ У-шу болып, үстіңе баса-көктеп кіргенімізді айып көрме – бұл той ғой. Той-думансыз, әнсіз, жырсыз болмас. Ш.Айт. ~ Біраз тұрған соң қайтадан: — Жақсы ағай, айып көрмеңіз, біз кетеміз енді. М.Кәр. ~ Табылар сөйлесе сөз жоқтан ғайып, Сөзде қате көрінсе қылма айып. «Зарқұм.»

АЙЫП ТАҚТЫ (ҚЫЛДЫ)

АЙЫП ТАҚТЫ (ҚЫЛДЫ)
Әлдебір қылмысқа, жөнсіздікке жауапты деп жазғырды; мінін әшкере қылды. ~ Бізге «ұлтшылсыңдар, большевиктердің тап тартысы жөніндегі ілімін мойындағыларың келмейді, біздің тап жауымыз – ақгвардияшыларға қарсы қару алып күреспедіңдер, қайта тілектес болдындар», – деген айып тақты. Б.Тоғ. ~ Ағаның айқайын естігенім жоқ – кеңдігі болар. Әйтпесе оның сыртынан айып тағатындар да, айбат қылатындар да жетіп жатыр еді. Қ.Ысқ. ~ Көлденеңдеп көк атты көңілімді қалдырды, Аздығымды бетіме айып қылам деді ме? Ж.Сәр.

АЙЫП ТАҢЫЛДЫ

Әлдебір қылмыс жасады деген айып тағылды. ~ Жазуды оқыған кісіге оның қалай өлгені, неге өлгені маңызды. «Ерлерше…» Олай емес. «Әскери міндетті орындау үстінде…» Бұл да жарамайды. «Қашқын деген айып таңылып…» мұны жазуға қол бармайды. М.Кәр.

АЙЫЗЫН ҚАНДЫРДЫ

Құмарынан шығарды, ләззатқа батырды. ~ Бір жұмадан кейін ар жақтағы қазақ группасы «Лунашар» клубында ойын қойды. Жұрт көп келді. Ахмет, Смағұл, Әбдірәсілдер қандай тамаша ойнайды, орыс әртестерінен кем емес. Жұрттың айызын қандырды. Ақша тәуір жиналды. Мұқтаждар қарық болып қалды. Ж.Айм. ~ Одан ары қарай «Бұлдижан-ау, еркек ұрғашының ауын ағатайлатып айызын қандыру үшін ғана астаң-кестең етпейді, бауырын тулатып балалату басты шаруа» дегісі келіп тұрып, ананың інілігін қаперге алып тілін тістеген. Н.Дәу. ~ Барлық ойы, тілегі, мейлі соқыр болсын, ақсақ болсын тек құмарлық айызын қандырар еркекте ғана… Мауыққан мысықтай көзі тұманданып, ал қызыл бүрте ерні кеуірсініп кеткен. І.Ес. ~ Сондағы Бихан орындаған «Алшаңбоз», «Талшыбық», «Бөкен жарғақ», «Қылаң батыр», «Бұлғынсусар» секілді тыңдасаң айызыңды қандырып, керемет әсерге бөлейтін осындай күйлер болды. Ж.Баб.

АЙЫП ТАРТҚЫЗДЫ

~ Тұқпат қажы күпісін жамылып, сақалын салалап, тамағын қайта-қайта кенеп алып: — Нанбасқа да болмайды. Нанбай отырған күнде де ат пен шапан айып тартқызатын ой тағы да жоқ. Әкең Шектібай марқұм менімен құрдас адам еді, жаны жаннатта болғай-ақ. М.Дәу.

АЙЫ-КҮНІ ЖАҚЫН (ТАҚАДЫ)

~ Әйелім Жамал екінші баламызға екіқабат қалып еді, айы-күні жақын болатын. Үшінші октябрьде босанып, ұл тауыпты. Ә.Нұрш. С126 Балам, сенің есіңде болатын тағы бір жағдай бар. Айы-күні жақындағанда шешеңді ауылға апарғанмын. Б.Тоғ. ~ Аурушаң шешем бұл кезде шермиген екіқабат. Айы-күні тақап қалған. Отырған орнынан әрең қозғалады. Б.Соқ.

АЙЫП-АЙБАНА САЛДЫ (ТАРТҚЫЗДЫ)

Ескі дәстүр-салт бойынша қылмыс жасаған жаққа салынатын айып ақы, өтем түрі. ~ Жәнібек балам-ау, о заман да бұ заман қайдағы жоқ айып-айбананы сырт отырған, қатысы жоқ жарлы-жақыбай ауылына салғандарың түк қисынға келмейді ғой, — деп шұбырта бастап еді, поштабайдың ақи көзі ақшаң етіп атысып… С.Жүн. ~ Қашанғы бұға бересіңдер? Бұрынғысын
айтпағанда, күні кеше керей мен атығай-қарауыл арасына ой тастап, екі елді араздастырып, жауластырып қойған Нұртаза
емес пе?! Керейдің қыруар малын айдатып алып, ақыры бәріңе төлетіп, айып-айбана салған Нұртаза емес пе? Әй, мына
жақта Қантай ауылының Есембайлары отырсыңдар. С.Жүн. ~ Ал барымташыларды жазғырғанда, жылқы ұрлаған жаққа,
айып-айбана тартқызып, кейде ұрлаған, айдалған малды «мойнына қоссау, артына тіркеу» деп, екі есе өсімімен қайтартып,
бітістіретін де болған. С.Жүн.

АЙЫ-КҮНІ ЖЕТТІ

1.Әйелдің толғағы келді. ~ Айы-күні жеткен келіншегі әйелдер босанатын үйде жатқан. Г.Сейт. ~ Айы-күні жетіп отырған нағашы жеңгесін астыққа таластың деп, астық іздейтін істік таяғымен түйрепті. Б.Тоғ. ~ Осылайша патшайымды өзіне әйел болуға көндіреді. Патшайым айы-күні жетіп шекесі торсықтай ұл туады. Т.Әс.
2. Пісіп-жетілді. ~ …ай-күні жеткенде бармақтай-бармақтай балақайлар құм-жөргекті тесіп шығып, …тіке теңізге қарай асығар. Ш.Мұр.

АЙЫП-АНЖЫСЫН БЕРДІ (АЛДЫ, ӨТЕДІ)

Әлдебір айыбының, кінәсінің құнын өтеді. ~ Қырық ноқта дегені – жігіт қырықта толығып болады дегені. Алпыс арқан бер дегені бұл күнде арқандаулы ат болдың деген сөзі, – депті. – Жетпіс шідер бер дегені – енді он жылда жетпіске шығасың, сонда шідерлеген аттай боласың, деген сөзі еді. Соның үшін мен қыздан жеңіліп, оған айып-анжы, сый беріп жөнелттім. Енді балама әперіп, келін етемін, – деген екен хан. БС. «Балықшы шал…» ~ Жол бойындағы осы бірталай ауылдардың атқамінер адамдары Қарқаралыда дәл қыс ішінде Құнанбай алдында болып, дау-шарын бітіріп қайтқан екен. Ақы төлеуін, айып-анжысын алып, есебін айырып, егескен жерлерінен Құнанбай арқылы өш алғандары да бар екен. М.Әу.

АЙЫ ЖАҚЫН, КҮНІ ТАЯУ

Жақын арада болуға тиіс оқиға туралы. ~ Ендігі жерде тәуелсіздікті аңсау емес, оның тұғырын бекемдеп, туын
аспандату Алашшылыдар мұраты болып жалғасты. Десе де, «күллі түркі оғландары бірігіңдер!» дейтін құдіретті әмір
орындалмайынша тағы бір бақытты кеңістігіміздің бағындырылмай жатқанын да жасыруға болмас. Оның да айы
жақын, күні таяу болар деп арайлап атқан әр таңымызды үмітпен қарсы аламыз. Ж.Шәк.