Біреудің әлдебір жаңсақ ісі, қате басқан қадамы туралы. ~ Жүгіріп бара жатқан аңның соңын ала тағы…
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
АҒАТ ЖІБЕРМЕДІ
Босқа кетірмеді, жөнімен пайдаланды. ~ Әр жылда бір келетін бір айлық демалысына қосымша болсын деген ниетпен…
АҒАТ КЕТТІ
Қателесті, жаңсақ басты, артық іске, сөзге бару. ~ — Жеңеше, — деді шешем тарамыстанған арық қолынан…
АҒАТ КӨРДІ
Ерсіге санады; лайық көрмеді. ~ Үлкен сөзіне елден бұрын жауап айтып қала жаздап отырғанын Керімбек ағат…
АҒАТ МІНЕЗ
Кім-кімге де жараспайтын әдет, қылық. ~ Сөйте тұра, оның әлдебір ағат мінезін де көрген емен. Бірақ:…
АҒАЙЫН АЛА (АЛАУЫЗ) БОЛДЫ
Туыс адамдардың арасына от түсіп, араздасты, жауласты, қырғи қабақ болды. ~ Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.…
АҒАТ СӨЗ
Артық сөз, асығыс айтылған, жаңсақ пікір, келіссіз ой. ~ Әй, сен бара бер… — Отыра берсін.…
АҒАЙЫН ТҰТТЫ
Туысқа балады, жанашыр жақын санады. ~ Әзір шалқақтау, «жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады» емес пе. Әкесі…
АҒАТ ІС (ҚАДАМ)
Асығыс, ойланбай жасаған іс, әрекет. ~ Қайсыбір жолдас-жорамыздың сәл-пәл ағат ісіне зілсіз кейіген кезде: «Өй, сен…
АҒАЙЫНДЫ ҚОҢЫР ҚАЗ (ҚАЗДАЙ)
Қатар өскен құрбы-құрдас, тетелес, жақын адамдар туралы. ~ Ал, ағайынды қоңыр қаз, бірің таптың, екіншің табылдың.…
