Шүйлікті, бір айтқанын қайталап, қоймады. ~ Біз болсақ селт етпестен аңырып тұрмыз. Аяқасты бұл нендей қуаныш деп таңданамыз. — Сүйіншіме не бересің, жеңеше? — деп Әспет тақымдай түсті. С.Мұр. * Қайын сіңлісінің жүзіндегі жұмбақ шырайды байқап: — Сен қыз, осы ана кербез кедейді ұнатып қалғаннан саумысың? — деп тақымдай түсті. Ү.Жәл. * «Қазіргі кітап деген не? Кітабың көп болса 2-3 мың данамен шыққан болар. 170 мыңмен тарайтын газеттің жөні бір басқа», деп тағы тақымдай түсті. С.Абдрахм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТАҚЫМ БҰРАУ САЛДЫ
Қылмыскерді, тұтқынға түскен жауды азаптаудың бір тәсілі; жазаның түрі. ~ Ақсарыбайдың мергенін Қарауыл ұстап алады, Тақым бұрау салады. – Қосай батыр қайда? – деп, Мергендерден сұрады. Тақым бұрау өткен соң, Мергендер зар-зар жылады. "Ер Қосай". ~ Халқын сатып, жауына болысар адам Жомарт па екен, тақымына қыл бұрау салып, дүреге жықса да су жолын көрсетпепті. Т.Ахт.
ТАҚЫМЫ АСТЫНДА КЕТТІ
Әлдебіреуге бұйырды д.м. ~ Жақында ғана алған су жаңа машинатұғын; бұрынғысын Жуан Жақайымға беріп, мынаны өзі күндіз-түні байлап қойып мінетін; ертең әлде кімнің тақымы астында кететін құтсыз адыраның күйігі ішін өртеп, ащы тырнақ осып алды. Ә.Нұрп. ~ Мұздай терекке сүйеген маңдайындағы бағанағы өрттей ыстық басылған; әлгіндей емес, қол-аяғына әл-дәрмен оралған сияқты; есіне тағы да есік алдында қалған машина түсті. Қап, әттегенеай, күні ертең ауызы салымды әлдебіреудің тақымы астында кете баратын қайырсыз адыраны мінгенде болады екен! Ә.Нұрп.
ТАҚЫМ БҰРАУ, ТАР ҚЫСПАҚ
Басқа түскен қиыншылық, тауқымет. ~ Талай тақым бұрау, тар қыспақты көрген, өжет жауынгеріміз деп алсақ та, ол орынға олқы соғып тұрмыз. Ғ.Мүс. ~ Үйдегі екі үлкенді әдейі ертіп апардық. Бүгін қандай күн екенін езбей, тақым бұрау, тар қыспақ көрген ата-бабалардың ауыр жолын Иманжүсіп арқылы көрсін, жүрекпен сезініп, жанмен түсінсін деген ниет. М.Әліб.
ТАҚЫМЫ АТҚА ЖАРЫМАҒАН
Астына жөні бүтін ат бітіп көрмеген жарлы. * Сонда Аңғара би тақымы атқа, аузы асқа жарымай жүрген Тәжімбеттің ұрлыққа амалдың жоқтығынан барғанын, оның ештеңеден тайсалмайтын ержүректігіне риза болып… БАҚ
ТАҚЫМ ЖАЗБАДЫ
Қатарласып жүріп отырды. ~ Осыдан кейін бұл екеуі тақым жазбай қатар жүріп отырды. Генерал Чернов анда-санда артына бұрылып, бұл екеуіне көз сап кояды. Ә.Нұрп. ~ Сонан болар-ау, көлденең бөгде кісілер түгіл, тіпті тірлікте тақым жазбай қатар жүрген қанжығалас достары мен қосшы-қоландарының өзі де жас мырзаның арғы жағындағы ойын анық болжап білген емес Ә.Нұрп.
ТАҚЫМЫ АТҚА ТИДІ
Атқа қонды; астына ат бітіп, арманы орындалды. ~ Артына қарап Байдалыны мазақтай түсіп ақсия күліп қояды. Әжібектің тақымы атқа тисе қалай жүретіні белгілі ғой, әне- міне дегенше белден- бел асып мүлде көрінбей кетті. С.Мұр. * Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. БАҚ
ТАҚЫМ КЕРДІ
Ат үстінде ұзақ шапты. ~ Шіркіндердің ажал алдында жан-жақтарына жаутаңдағандары неткен аянышты еді. Төбе құйқаңды шымырлатады екен. Кең дүниеде тақым керіп емін-еркін шапқылаған аз ғана күн тіршіліктерінің қалайша бұлай төтен аяқталғанына түсіне алмай қайран қап жатқандай. Ә.Кек. ~ Тайланның үйі де бұлардың аңға мінетін ұшқыр керсылаң аттарының әнеугіден бері тақымдарын аямай керіп тастаған алатағанақ жылмағай үстірттің кенет күрт сынып кемерленіп бітетін күн батыс шетіндегі сондай бір жымысқы аңғардың түбіндегі жылымшы бұлақтың басында екен. Ә.Кек.
ТАҚЫМЫ АТТАН АУМАДЫ
Аттың құлағында ойнаған шабандоз д.м. ~ Ат үстінің аударысында тақымы аттан ауып көрмеген, танымынан тартыста еш жанға көкбәрі лақ бермеген тартқыштар танауларын кептіріп, мықты жігіт өзімсініп, мығымсиды. І.Жан.
ТАҚЫМ ҚАҚҚЫЗБАЙДЫ
Қамшылауды, тақым қағуды керек етпейтін жүйрік туралы. ~ Ес білгелі көңілінен кетпейтін бір арманы — тақым қаққызбайтын елде жоқ бір сәйгүлекке қақаиып отырып алып, айдарынан жел есіп, ен даламен еркін бір ызғыта шабу еді. Ж.Дар.
