Posted in

ШИПА БОЛДЫ

~ Өкпе ауруына шалдыққан ұлы ақынға шипа бола ма деп Әбдікерім оны Шыңғыстайға алып келіп, боз биенің сүтіне шомылдырып, қара биенің тосабымен емдеген екен. Қ.Ысқ. ~ Бұндай ғажайып суды, Тұщыбұлақ суындай ғажайып суды еш жерде, ешқашан ішпеген екен. Су жанына дауа, тәніне шипа болып тарап жатыр бойына. Қызының жез қоңыраудай шіңгірлеген үні шақты. С.Ел. ~ Нәсіп иіліп барып, алақанын аурудың маңдайына басты. Құтты қол тисе, шипа болар ма екен дегені. Тәліп басын әрі тартты. М.Кәр.

Posted in

ШИЕ (ШИЕСІН) ШЕШТІ

Амалын тапты. * Кеше кешкі жайсыз оқиғаның шиесін шешіп, көсегесін көгертпесін, құрығанда жаман шалдың ақымақтығын көтере алмағанын келекелеп, күле сөйлесе бітті, бұ да кінәсін мойындай ақталып, іші босап қалар еді. М.Қаб. * Абаның сөздерін дәлелді көре тұра, Шыңғыс: – Талай шиені шешуші едің ғой. Әбеке, бұның да ретін тап! – деп қолқа салды. С.Мұқан.

Posted in

ШИПАДАЙ ЖАҚТЫ

* Есік алдында сәл іркіліп, кең тыныстап алды да, қарсы тұстағы Тауқұмға беттеді. Бет қабаты салқын тарта бастаған құм ып-ыстық табан етіне шипадай жағып келеді. Төңірек самала жарық. С.Елу. Ширегіне келмейді Тең емес. Син: пар келмейді; астар болмайды (астар болуға жарамайды); бақайынан келмейді.

Posted in

ШИРЕГІНЕ КЕЛМЕЙДІ

Салыстыруға да келмейді, әлдеқайда нашар, төмен д.м. * Бастапқы бунақ толық айналғанда домбыраның шанағынан: «Дөри-дөри-дай; дөри-дөри-дайлаған» өкінішті уһіл шықты. Баяғы уһілер бұның ширегіне келмейтіндей. Т.Әлімқұл.

Posted in

ШИЕ ШЕШІЛДІ

* Екі қолға бір жұмыс, құрылысқа барады. Арғы жағын көре жатар. Ең бастысы, «Кім не ойлап жүр?» — деген шие шешілді, о да білген жанға үлкен табыс. М.Қаб.

Posted in

ШИЫРШЫҚ АТТЫ

1. Тықыршып, дегбірсіздену. * Бізді Жобалай сол үшін жиған екен. Сол хабарды естіген соң, бәріміз де қуанып кеттік. «Енді қашан соқтығар екенбіз?» — деп асығып, шиыршық аттық. М.Әу. * Ақдала жазығын қақ жарып өтетін таспадай тартылған жолға түскенде Әсетті тағы да қым-қуыт өкінішті ой билеген-ді. Өзінен-өзі елегізіп, шиыршық атады. Жазықсыз жалаға ұрынуының себеп-салдарын іздейді. Қ.Тол. * Сәбихан сездіріп алып жүрмесе игі еді деп шиыршық атқан ол қалың қоғаның арасынан өтетін сүрлеу жолмен келе жатқан аяқ тықырын, шолпы сылдырын естігенде астындағы тайшұбардың қапталын өкшесімен нұқып қалып, ұмтыла берген еді. Ғ.Біл. * Байділда ағасы Саурық үйінен шықпайтынды шығарды. Күн-түн демей Саурық маңында шиыршық атып жүрді. Ә.Шәр. * Әбжылан тағы бір пәлеге душар болғанын сезіп, жанұшыра шиыршық атып баланың білегіне оралды. ҚЕ. * Төрт жігіт беті- қолын шайып, орамалмен сүртініп жатқан Толя атайдың маңайында үймелеп, тар шоланда шиыршық атысып жүр. Ә.Асқ. 2. Қатуланды, қайраттанып, бекіді. * Би атасының ой-ниетімен отаспайтын, күреске құлшындырған қиялдармен шиыршық атып арпалысты. Ғ.Біләл. * Кәрі жуан жайсыз сөзді естіп, шамданып шиыршық атты. О.Сәрс.

Posted in

ШІЛДЕЙ АРЫҚ

~ Бағдад шаһарынан келген шайқы, шілдей арық, қу мұрт, ақ сұр кісі Арыстанбаптың шырақшысы отыр. Пайғамбардың үрім-бұтағы көзін ашып-жұмып мүлгіп қалған. Сүтке тойған мысық іспетті. З.Шүк.

Posted in

ШИЕДЕЙ ҚАН

Қан-жоса болды. ~ Екі солдат, бір жасауыл жылқыны айырып, Асылбек аулына түгел айдағанда айқайлап, елді қоздырып жіберетін ер жүрек Кәдірбек те басы-көзі шиедей қан, кетіп барады. І.Жанс.