ШӘУ ТАРТТЫ * «Оқ жетпес» атап алған бүркітті Бікән шыңнан жыл сайын емес, анда-санда ғана, қолдағы бүркіті қартайып шәу бола бастаған шақта ғана алатын. С.Мұқ. * Сері боп, сайран салып дүние көрдік, Сал Біржан, Ақан сері қасына ердік Тағдыр сол, өткен өмір қайта оралмас Шәу тартып тұралайтын тұсқа келдік. Естай Беркімбайұлы. * Екеуі ә дегеннен арқа түйістірді. Бірі жас, бірі шәу тартқан дене бір- бірін жылытып, азынаған ажал камерасында тіршілік үшін саусағын созып жатты. Қ.Түм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЕТ ПҰШПАҚ
Шет жағасы, бір ұшы. ~ Кеміріліп келе жатқан жеріңнің шет пұшпағы осылардың әрекетінен күн санап азайып барады. С.См. * Мұнымен тынса жақсы, келешекте сіз дегенде қай қыздың маңдайы жарылып тұр екен, екі қолын жылы суға малады-ау ғұмыр бойы деген шет пұшпақ тағы басталады. М.Қаб.
ШИ АЯҚ
* Бұл құдайдың қырсығы қайдан тап келеді дерің бар ма? Әттең бұрынғы күйім жоқ, әйтпесе, заманым барында мұндай ши аяқтарды ел маңынан жүргізер ме едім! Б.Майл.
ШЕТ ПҰШПАҚТАДЫ
~ Діншілдер қанша тықпаласа да шет-пұшпақтап қана енген араб дінің араб тілін қазекең мылжалап-мылжалап өз дегеніне көндіріп алған. Не шаманды, не ісләмді мықтап ұстамай, оларды бірде басына көтерсе, бірде аяғымен таптап кете баратын қазақы мінез — жаңалықты қабылдампаз мінез сияқты. Ғ.Мүст. Үзіп-жарды; шет жағалады; алыстан орағытты; жұмбақтап сөйледі. * – Алдияр, дәм жазса өмір-тарихымызды өзіңізге асықпай айтар күн де болар. Үзіп-жұлқып, шет пұшпақтап болса да айтайын, – деп ол кесесін жерге қойды. К.Сегізб. * Шет пұшпақтап границадан шығып кеткен азын-аулақ елдер болмаса, одан басқа халық жігітін беріп жатыр. С.Мұқ. * Мұның алдында «песір», болыстар шет пұшпақтап «іспескі» жазып жүр дегенді жұрт күңкіл қылатын. Б.Қыд. * Қанымай оңашада осы ойын: «Қарағымды Құдай қайдағы аңшыға қайдан тап қылды?» — деп шет пұшпақтап күйеуіне айта бастаса, ол: «Маңдайынан көрер. Аңшының аштан өлгені жоқ» — деп үзілді- кесілді тыйып тастайтын. Ү.Жәлеке. * Қалыңға көп кірмей шет пұшпақтап араласқан қазақ жауынгерлері тірсектен алған бөрібасардай қауып — қарпып, қаша соғысып, жауларын ондап — жиырмалап құлатып жүр. С.Смат.
ШИ БОРБАЙ
1. Сидиған арық. * — Бірақ,—деді ол басын ойлана шайқап,— Клашамен өткізген он минуттік уақытымды бұл сидиған ши борбай қыздың барлық өміріне бермеспін… Ә.Әбіш. * — Ой, оның несін сұрайсың, шикі өкпе, ши борбай, сүзбе буаз желөкпе ел баяғы… қанды көген қарғадай улап-шулап жүрген. О.Бөк. 2. Ойын балалары. * Тек ана әжеңе тіс жарып, әкең туралы білдіре өрмегейсіздер. Ши борбай іні-сіңлілеріңе қолғабыс ет,— дедім. М.Сүн. Салт аттылардың бөтен сыңайын таныған бірлі-жарым адам жасқаныссыз бедірейіп тесіле қарады. Ши борбай айран бет үш- төрт бала құйрығын сабалап құйғытып кеп қалды да, бөтен болған соң, сілеусін көрген еліктей едірейіп қалт тұра қалысты. О.Бөк. ~ Бақан жігіт күнінде көрген қыз атаулының танысын көз алдынан өткізіп отыр. Олардың бәрі де ши борбайлау көрініп, көңілі бітпейді-ақ. М.Сүн.
ШЕТ ПҰШПАҚТАП
~ Мұның алдында «песір», болыстар шет пұшпақтап «іспескі» жазып жүр дегенді жұрт күңкіл қылатын. І.Жанс. ~ Екеуіңнің «достық, түсініскендік шырайдағы» қарым-қатынастарың өзіңе аян. Менімен де… Қой, әйтеуір шет пұшпақтап шығарыппын, бәрін баяндайын. М.Қаб. ~ Бұл тақырыптың төңірегінде шет пұшпақтап жазған Шынжаңдық жазушылар көп болды. Мысалы Шәміс Құмарұлы деген жазушы «Бөке батыр» деген роман жазған. Ж.Шәк. ~ Бұл жерге алғаш сапар шегіп шықпас бұрын-ақ, Федор Васильевич Тың өңірінен құлаққағыс болып, талай нәрсені шет пұшпақтап естіген. С.Жүн. ~ Әңгіме арасында шет пұшпақтап айтып көрсе, Қасқырбай Сергеевтердің мұнда қандай шаруамен жүргенінен бейхабар екен. Б.Тоғ.
ШИ ЖҮГІРТТІ
Мысқылдады, кекетті. * — Түйсігі бар жұрт алдымен іш киімнен бастаушы еді, — деді Бескемпір. — Ши жүгіртпесең ішің кебе ме? — деді Жақып. — Тегі ұрық — шарқыңда әзәзілден туған біреу бар-ау?!. Қ.Ысқақ. * Раушан мен Нұрлан жайында таралған өсек те тыйылмай, өрбіп, өсе берді, «айтар, қояр» деп дүдамалданып, құлағын мақтамен бітеп алса да, тыйылар емес, біреуі болмаса біреуі сөз арасында ши жүгіртіп іліп өтеді, әлде қорыққанға қос көрініп, Мәліктің өзі де сезіктене бере ме… З.Шаш. * — Түйсігі бар жұрт алдымен іш киімнен бастаушы еді, — деді Бескемпір. — Ши жүгіртпесең ішің кебе ме? — деді Жақып. — Тегі ұрық — шарқыңда әзәзілден туған біреу бар-ау?!. Қ.Ысқ.
ШЕТІН ШЫҒАРДЫ
Әлдебір әңгіменің шет-жағасын, ыңғайын танытты. ~ Мұқым елді шулатқан бір сұмпайы әнеугүні кемпірі осы әңгіменің шетін шығарғанда — ақ жүрегі тас төбесіне шығып, мелшиіп отырып қалып еді. Ж.Сәм. ~ Же! Тойып ал. Ертеңгі жүріске жарамассың. — Шешесі тамақты үстеп салып жатып, келер күннің бір ісінің шетін шығарған. К.Жүн. ~ Демек, жаны төре болғанмен, жаратылысы кара, Қарауылдың бір тамшы қаны, — деп шежіре қарт бір құпияның шетін шығарған еді. С.Ақт.
ШИ МҰРЫН
~ «Мүмкін ши мұрын шығар. Ши мұрындар да атқа мініп, асыр салып жарысқанды жақсы көреді дейтін емес пе еді? Ә.Кек.
ШЕТКЕ ҚАҚТЫ
~ Қолы жеткен кісі басқа руларды шетке қағып, өз руының ғана өкілдерін көтеретін көрінеді. М.Мағ. ~ Біздің ұлы империямыз — көп ұлтты мемлекет. Біз қанатымыздың астына кірем деген халықты өзімізге қосып алмасақ, ешқайсысын шетке қағып қумаймыз… Қ.Жұм.
