Құдырет-күшін, сәнін таныта дәурен кешті, паш етті. ~ Бұлар керек адамды қырмақ үшін, Өзі билеп, салтанат құрмақ үшін. Шәк. ~ Аулынан аттанып, қызықты дәуренімен қоштасар алдындағы қыздың ең соңғы рет емін- еркін салтанат құруы сияқты екен бұл. Б.Мом. ~ Қыдыр дарыған Қамбар төренің өзін жырға қосты. Сөйтіп өзгеше, бұл өңірде бұрын- соңды болмаған бір салтанат құрдырып еді. К.Сег.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
САМАЛАДАЙ БОЛДЫ
Жап-жарық боп көрінді. ~ Осымен ел жататын мезгіл әбден болғанда, Қалбағай жылқының күншығыс жағына шығып жер шалып, енді жылқыға қайта келгелі тақап қалғанда, күнбатыс жақтағы ай сәулесі түсіп тұрған боз төбеден самаладай болып жаудың көң шоғыры шыға келді. М.Әу. ~ Бір сәт Сабалақ Сарбастың шыр ете түскен даусы естілді: — Бидас аға, ана қара, жерде самаладай болып шам жанып жатыр! Шам! М.Қан. ~ Жеті жұлдыз орындарына барып іліне-іліне қалған соң бұрынғысынан да бетер жайнап, самаладай болып мың құбылып жар-қырай түсті. М.Қан.
САЛТАҢ (СЫБАЙ-САЛТАҢ) ЖҮРДІ
Түк бітірмей, бос жүрді. ~ Сол салтаң жүргенімізден бе, бәрі балалардың әкесін, танитындары әжелерін еске алып, менің өмірімді қаласам да, қаламасам да Ерікпен байланыстырып жатады. С.Досж. ~ Тұңғыш ұлдан соң Қамқа күні бүгінге дейін бала көтермей, сыбай– салтаң жүріп алған. О.Бөк.
САМАЛАДАЙ ЖАРҚЫРАДЫ
Жарық түсіп, сәулеленді; түсі ашылды; жарқырап қоя берді. ~ Тұңғиық қараңғы түндері қаланың оты самаладай жарқырап көрініп тұрады. Н.Сер. ~ Қою қара сиядай жылжи аққан өзен үстінде шамы самаладай жарқырап «Мұхтар Әуезов» кемесі өтіп бара жатыр. Үш мәрте соза боздап, үйдің тұсынан өте берді. М.Сүн. ~ Механик лентаны жалғаймын дегенше жарық жағылып, қап-қараңғы зал іші қапелімде самаладай жарқырап қоя береді. С.Ас.
САЛТАҢ БАС
Қара басы, жалғыз өзі. ~ Әлде анасынан ерте айырылып көз түрткі жетім өскен сорлы ма екен? Содан ызақор, содан намысшыл, содан бітеу боп өскен шығар… Мырзатайдың айтысы: көптен өз қамын өзі ойлап қалған салтаңбас адамның сиқы. Ә.Кек. ~ Тапқаны татымсыз – не кигенге, не ішкенге жетпейді. Сыбай-салтаң басы бос адам секілді түкпен ісі жоқ. АҚ "Алғашқы табыс". ~ РЕГИНА. Солайы солай ғой, бірақ менің жасымдағы бой жеткенге әйелі жоқ, салтаң бас еркек адаммен бір үйде тұрған қалай болар екен? Ибсен (Ә.Кек).
САЛМАҒЫНАН ЖЕР МАЙЫСАДЫ
Жуан, денесі тым ауыр адам туралы. ~ Жай жүріп, аяғын нық басып келеді. Ол жеткенше Қанабек тықыршып тұр. — Салмағынан жер майысады. Ауырын-ай! Ғ.Мұст.
САЛЫ СУҒА КЕТТІ
Көңіл күйі түсті, қапа болды; ұнжырғасы түсіп, кірпие қалды. ~ Иванов: — Олай болса үйіңе қайт, керек қылсақ, алдырармыз, — деді. Мұқаштың салы суға кетті, не айтарын білмеді. Ж.Айм. ~ Ал, сен сөйлеші, не болды өзі? Мына жұрт салы суға кетіп қайтты ғой? Ғ.Мүс. ~ «Балаға ара түсесің» — деп, Жұманның өзін сөкетті қылды. Не қылсын, салы суға кетіп, Жұман үйіне қайтты. Ж.Айм. ~ Әзберген түсі қабарып, түнеріп босағаға тізе бүкті. Ағасының кейпін көз қиығымен шолып еді, оның да меселі түсіп "салы суға кетіп" отыр екен. Қ.Жиен.
САЛМАҚ САЛДЫ
Ауырлық түсірді; тізе батырды. ~ Жүніс. Енді жеңешем салмақ салған соң болғаны ғой! Не сөз бар? М.Әуез. ~ Соған сұрау да салып, жақында Шұбар өзі келіп, Тәкежан мен Әзімбай жіберді деп, Ырғызбайдың тобы жіберді деп, салмақ салды. "Не мына Әбдіні ұрымыз етіп, қолымызға шығарып бер, не болмаса ақтасаң, кепіл бол, жаныңды бер" дейді. М.Әу. ~ Ел қатарлы мешіт- медіресе ашып, халықты ілім- білімге үйрету дегені де құлаққа кіреді. Сонда не істеу керек? Неден бастау керек? Демежан ашық жауаптан жалтарып, ЕшенСейіттің өзіне салмақ салды. Қ.Жұм.
САЛЫҚ ҚЫЛДЫ
Әлдебір жақсылығын бұлдады. ~ Бірақ, олар сол қорыққандарының өзін саған салық қылып бұлдап бақпайды ғой. Жоқ, бұлар… құстардан гөрі… Иә, иә, енді тапты… Дәл солай… Бұлар құстардан гөрі иттерге келіңкірейді… Әлгі бір анадайдан кәукілдеп жүгіріп шығатын шабалаң көпек иттер болушы еді ғой. Ә.Кек. ~ Оны Асқардың өзі де жоққа шығармайды. Қала берді, сол лақап аттың сырын да жақсы біледі. Тек нағашылығы жиенді айтыста салық қылмас үшін, жұрт білмейтін тарихты тісінен көп шығармайды. Т.Әбд.
САЛМАҚ ТҮСІРДІ
Қиынға соқты, ауыр тиді. ~ … от пен шоқтың арасында түтін мен газды көмейлей жұтып шойын ағызу қара жұмысқа көндікпеген кешегі кірпияз студентке кәдімгідей- ақ салмақ түсірді. С.См. ~ Дегенмен‚ осы науқан түкпірдегі ауылда үндемей жүрген біреудің жүрегіне зілбатпан салмақ түсірді. Қ.Түм.
