Posted in

ІЗ-ӨКШЕСІНЕ ТҮСТІ

~ Бұрын да қыздың із —  өкшесіне түсіп, көрінген жерде жармаса кететін желаяқ бозбалалар, Оспанның айттырып қойғанын білген соң одан бетер құтырып кетті. С.Ом. ~ Қызыңды Әлиге бермедің деп із – өкшеме түсіп алған қызыл көз пәле Аралбайға енді Бойков қосылды. С.Ом.

Posted in

ІГІР ДЕ ЖОҚ, МІГІР ДЕ ЖОҚ

Ай-шай жоқ, түк айтпастан, оқыстан.

* Ал енді әлгі баласының бір күні ігір де жоқ, мігір де жоқ білегінен жетектеп әкеп, кіргізетін шүйке басы қайда? Ә. Кекіл. ~ Хан келгендерді майханасына шақырды. Әлгі жылмаңтөс ігір де жоқ, мігір де жоқ, оң жағына кеп тізерлесіп отыра кетті. Мұның ишарасын да күткен жоқ.  Ә.Кек.

І

Posted in

ШЫРЫҚ БҰЗДЫ (БҰЗЫЛДЫ)

~ ~ Бұрын әлде кімнің балаларындай шырық бұзып, ата-анамен тайталасып, жүз шайысып жатпайтын ұл, қызына іштей разы болатын әке, бұйығы, үстіне ілетін киім мен алдындағы асты ғана білетін жетесіз болып өскеніне енді ғана намыстанайын деді. Қ.Ысқ. ~ «Дүниеқоңыз қорқау шал, енді маған әкіреңдегенді шығарды шаршы топтың көзінше. Бір заманда дәуірледік, бір заманда тоздық шапанның ескісі құсап. Арадан ажар кетті, шырық бұзылды. Бұ да болса тағдыр. Ақыры не болады. Ш.Мұрт. ~ Қызды алатын сендер ме, Құлшығаш па? О несі-әй?! – деп Үрбала тағы тосыннан қойып қалды. Шырық бұзылды, сөз үзілді. Д.Дос.

Posted in

ШЫРЫҚТЫ (ШЫРЫҚ) БҰЗДЫ

~ «Ары жат, бері жат – төсектің тарлығы, ары отыр, бері отыр – көңілдің тарлығы». Әлде көңіліміз тар ма?.. Жо-жоқ, бұлай болжау – қиянат. Халқымыз жомарт, алды ашық, құшағы кең. Шырықты бұзатындар – ат тебеліндей тобыр ғана. Қ.Тол. ~ — Қазақта пәлсәпа көп, — деді Бескемпір. — Соның бірі, әйел қызғанатын еркекпен қос болма деуші еді. Қызғаныш шырық бұзғаннан басқа не әкеледі?.. Қызған, қызғанба, қатын қағынса бақырайтып қойып та көзіне шоп салады, вот так вот! — деді Бескемпір. Қ.Ысқ.

Posted in

ШЫРЫЛДАҒАН ШЫНДЫҚ

Ащы ақиқат. * Қуаныш пен қайғы-қасіретті айқын сипаттай біліп, шырылдаған шындыққа сүйенген поэзиясы өмірдің бір шетін тесіп шығады. К.Салық. * Шырылдаған шындықты от ішінен. Алып шығам сәбидей бесіктегі. Қ-М.Әли * Мойындау ауыр, ащы, жаныңды ауыртып барады бірақ шырылдаған шындық осы. Аспанға атыл, көкке шаншыл аласұр сыртқа тістеніп… М.Мақат. ~ Бұл, көзінің тірісінде ешкімге қастандық жасамаған, қайта өзі қастандыққа ұшыраған, әрі мас­ күнемдікке салынса да, шырылдаған шындықты айтудан бір жазбаған, озбырлық, жемқорлық, әділетсіздікке жаны қас пенде болатын. Т.Рыск.

Posted in

ШЫРЫН ҰЙҚЫ

~ Өріске күн қызбай жетем деп түнімен қой айдап шала ұйқы болған еді… Сілтідей тұнып ұйыған тыныштық маужыратып тербеп, шырын ұйқы құшағына тартады. С.Ел.

Posted in

ШЫРЫШ БҰЗҒЫШ

* Жаны ашитын біреулер оған: «Шепен, – шырыш бұзғыш тентек, Абан, – кескекте абалаған ит, бұл екеуін ертіп не марқадар табасын? Ертсең елге ұйытқы боларлық біреулерді ертпеймісің әйтпесе, соқа – қара басың тарта бермеймісің?» – деп еді, Шыңғыс оларды тыңдаған жоқ. С.Мұқ.

Posted in

ШЫТ ЖАҢА

~ Бұл сөз төңкеріс болғалы талай айтылып, талай жазылып, иі қанған, ескі сөз болса да, Ақбала шыт жаңа сөздей қып айтты. Ж.Айм. ~ Бәкең мәз болып, миығынан күліп, сәнді галстугін түзеп қойып, шыт жаңа костюміндегі болар-болмас қылшықты саусағының ұшымен шертіп, сілкіп тастап, маған асықпай-саспай түсіндіреді: мәлике, мәулен, таутан, алан, құртқа. Г.Бельг.

Posted in

ШЫТУ ҚАБАҚ

~ Оның есесіне оның әйелі Торғын аты соншалықты әдемі, жібек болғанымен жаңбырлы күнгі кендір түйініндей, шиеленіп қатып қалған, бір көрмеге сыр бермейтін, жалтылдап жақсы көрінетін солай ақ жарқын көріну үшін сампылдап қатты сөйлейтін жұқалау, ақ құба, қаймақ ерін, шыту қабақ кісі болатын. Б.Қыд.