Posted in

ІЗГІ НИЕТ

~ Алла елшісіне тән осынау жұмсақ жүрек, ізгі ниет, көлпар көңіл, қамқор қасиет… мұқым мұсылман қауымын былай қойғанда, ел билігіндегі азаматтардың ылғи да есінде жүрсе, ар-ұяттарына нұқсан келмес еді-ау дейсің…  И.Сап. ~ Достық көңілді бұлт шалмай, ізгі ниетті сатқындық жайламасыншы.  Ә.Ысқ.

ІЗГІ ОЙ

Абзал ниет, игілікті ой.

*  – Қайтейін, тірлік шіркін иілместі иілтеді екен ғой, ата.  Мен Қажыдым…

   – Жолымыз қиылыссын десең, тазар, сілкін, ізгі ой, шынайы сезімге беріл… Қайыр!  Т.Сәу.

Posted in

ІЗГЕ ТҮСТІ

Қыр соңынан қалмай, басқан ізімен артынан қуды. *  Қара шал әлденеше тәулік алдында осындай бір хал кешіп еді, көптен бері қуғын салып ізге түскен дұшпан күштерін көшке жолатпай, тосқауылдай соққы беріп …  Ғ.Біләл

Posted in

ІЗ ШАЛДЫ

біреудің ізін байөады, ізіне тұсті.

*  Сол күні түнде аз ғана қырбақ қар жауған болатын. Мен енді жылқы өрісінің сыртын айнала жортып, із шала бастадым.  Ж.Сәмит.

Posted in

ІЗ КЕСТІ

Біреудің артынан жүріп, бағыт-бағдарын анықтауға тырысты; ізін шолды; соңына түсті; торыды. *  Құсымның томағасын да сыпырып үлгермедім.

Шоқ-шоқ бұта мен шеңгелді аралап із кестім. Р.Отар.

  • Аңшылар да із тілін дұрыс ұғады. Енді із кесіп қуа ма,әлде аңқұстың тоқтаған жеріне тура тарта ма, оны өзі біледі.  Ж.Баб.
  • Жаманатқа жүрегім сенбеді, ілгері тарта бергендетағы мән жок.

Екі қапталдан із кесу керек.  М.Мағ. *  — Белгісіз ұры қыс бойы қорықтағы бұғы, маралға бөрідей тиіп, тыным бергенді қойды. Із кесіп едім, осы өзекке түскен тәрізді.

Мынау бораны құрғыр кедергі боп адастырып кеткені. Қ.Ысқ.

  • Бұқара халықта сүйеніш күші болмағандықтанкүндеріне

жарайтын көбінесе із кескіш, тұмсығы иісшіл

жалдамалы, сатқын тыңшылар.  Ж.Ахм.

Posted in

ІЗ БЕРДІ 

* – Менің естуімше кісі киік баранға тартады. Кейде тіпті далада шөгіп жатқан түйенің қасында да із береді екен дейтін.  Е.Мұх.

Posted in

ІЗ (ІЗІН) ЖАСЫРДЫ

Көзден таса болды; жасаған ұрлығының (не басқа қылмысының) айғақтарын жойды.

  • Қалада Шихалдайдың қасынан бір- екі рет көргенібар. Ондайда Демежанға жоламай қашқалақтап, із жасырған болады.  Қ.Жұм.
  • Әр жақта із жасырып жүрген ауылдар енді өзқоныстарына қайта берсе де болады» деген астыртын бұйрық жөнелтті.  Қ.Жұм. *  Не бұл жолы, өзі айтқандай, қалмақ жылқысынан қолы таза, не болмаса із жасырып, құтылып кететініне өте сенімді.  Қ.Жұм.
  • Жалпы әр нәрсенің бастауы болады. Әйтсе де арағасан жылдарды сала келе қоғам алмасып, адамдардың санасы өзгерген тұста кейбір нәрселер де өзінің ізін жасырып қалатын секілді.    Қ.Бег.
  • …  «500» деген жазуы бар тағы бір көк пәшкені киімілгіште ілулі қара костюмнің ішкі қалтасына сүңгітіп жіберді де, ізін жасырып үйренген ұрының дағдысына салып, сыртынан ұстап көрді.   Қ.Түм.

Posted in

ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛДЫ

Ұшты-күйлі жоқ болды; хабарсыз, дерексіз кетті. *  Егер аман қалсаң — жолың болғаны да.Сіздің оққағарыңыз бар екен. Қаза тапқандар, із-түзсіз жоғалғандар, белгісіз батырлар қаншама.  А.Жақс.

*  — Судыр Ахмет деген сорлылау бір жерлесім бар еді… Сол бейшара із-түзсіз жоғалып кетіпті. Ә.Нұрп.

Posted in

ІЗ-ТҮЗІН (ІЗ-ТҰЗЫН) БІЛДІРМЕДІ (ҚАЛДЫРМАДЫ)

  • Мал ізін суытпай соңынан барар жан болса, терісітүгіл сүйегін таба алмай, істі насырға шаптырса, бір қағаберісте, не қайтар жолда сыбағасын алады. Онда да ешкімге із-түзін білдірмейді.  С.Жүн.
  • Асыққаның сонша, бірінен кейін бірі келіп жататынпоездардың өзіңе ыңғайлысын да күтпестен, ыңғайы келген біріне отырдың да, ешкімге із-түзіңді білдірмей тартып тұрдың.  Ә.Нұрп.
  • — Қанеке! Сізді қоймастан сұрап алдық қой. Кәрібайбишара, бірсыпыра отырып, із-түзін қалдырмай кетті.  Ғ.Мұст.
  • Бұндай  шаруаның  талайын  із-тұзын  білдірмейістеп,  әбден  кәнігіленіп  алған  жырынды  көпес ұзақ жолға  жүрер  алдында  әйелінің  көңіліне  сезік туғызғысы  келмеді де,  әлгі  қызды  Курнос  Иванға алып  берді.  Ә.Нұрп. *  Сосын  тон  киген ауыр денесі ат үстінде шайқалақтап келе жатып: «Қап, не қыласын» деді тағы  да  ішінен,  «із-тұзын білдірмей, алысқа көз асырып жібергенде әлде қайтер еді».  Ә.Нұрп.
  • Он жігіт… Он жігіт ойынан кетпейді. Бір күн ішіндеіз-тұзын аңғартпай, зым-зия жоқ болды. Қайда кетті? Не тындыруға кетті?   Ә.Нұрп.

Posted in

ІЗ-ТҮЗІ ЖОҚ

Мүлдем жоқ; еш хабары, дерегі жоқ.

*  Кешқұрым жігіт өзен жағасына кеп, айран-асыр қалады. Кемерінен аса шалқып өзен жатыр! Өткелдің із-түзі де жоқ.  Ш.Айт.