Posted in

ШЫРЫЛДАҒАН ШЫНДЫҚ

Ащы ақиқат. * Қуаныш пен қайғы-қасіретті айқын сипаттай біліп, шырылдаған шындыққа сүйенген поэзиясы өмірдің бір шетін тесіп шығады. К.Салық. * Шырылдаған шындықты от ішінен. Алып шығам сәбидей бесіктегі. Қ-М.Әли * Мойындау ауыр, ащы, жаныңды ауыртып барады бірақ шырылдаған шындық осы. Аспанға атыл, көкке шаншыл аласұр сыртқа тістеніп… М.Мақат. ~ Бұл, көзінің тірісінде ешкімге қастандық жасамаған, қайта өзі қастандыққа ұшыраған, әрі мас­ күнемдікке салынса да, шырылдаған шындықты айтудан бір жазбаған, озбырлық, жемқорлық, әділетсіздікке жаны қас пенде болатын. Т.Рыск.

Posted in

ШЫРЫН ҰЙҚЫ

~ Өріске күн қызбай жетем деп түнімен қой айдап шала ұйқы болған еді… Сілтідей тұнып ұйыған тыныштық маужыратып тербеп, шырын ұйқы құшағына тартады. С.Ел.

Posted in

ШЫРЫШ БҰЗҒЫШ

* Жаны ашитын біреулер оған: «Шепен, – шырыш бұзғыш тентек, Абан, – кескекте абалаған ит, бұл екеуін ертіп не марқадар табасын? Ертсең елге ұйытқы боларлық біреулерді ертпеймісің әйтпесе, соқа – қара басың тарта бермеймісің?» – деп еді, Шыңғыс оларды тыңдаған жоқ. С.Мұқ.

Posted in

ШЫРҒА ТАСТАДЫ

Аңшылардың аң-құсты алдап, далбаймен шақырып алатын айласы; Біреуді уысына түсіру мақсатында әлдебір қулыққа барды. ~ Халықшыл ой, Россияның көп қауымына жайылған ой. Соны біліп отырған патшалықтың уақытша жасап отырған бір тәсілі ғана. Бұны шыны деп білмеңіз, қыры деңіз. Ол – жұртпенен шырға тастап, алдасып ойнау, ойнау ғана! – деді. М.Әу. ~ Жөкеңнен де дамыл алмай кісі тартып жатыр. Тобықтының ішкі шебін өзінікі етіп алу үшін Жігітекке тағы шырға тастайды. «Құнанбай баласының өз арасын ірітсем» дегенде көкірегі қарс айрылады. Осындай есептің біріне жаратқалы Базаралыға кісі салыпты. Жақында Абылғазы келіп кетіп еді. Базаралы өзінің бар жауабын, жау сырын маған әдейі сәлем ғып айтып жіберіпті,- деп насыбайын иіскеледі. М.Әу. ~ Матен- амбы бүгін үкірдайлардың әрқайсысын кезек- кезек қасына алып, әртүрлі әңгімемен алдарқатып келеді. Емексіткен жылы- жылы сөздер айтып, шырға тастап, өз жағына тарта түспек болады. Қ.Жұм.

Posted in

ШЫРМАУЫНА ОРАЛДЫ

~ Кәріліктің енесін ұрайын, ол сәл шегіне тұрар, әлгі орыс бәлшебектердің ең құрмаса бір-екеуін жер жастандырып, қыршынынан қиылған баламның кегін неге алмаймын, азар болса о дүниедегі кемпірім, балам екеуімен қауышармын, бұ дүниеде мен қимайтын не қалды» деген ой-пиғылдың шырмауына оралады. Осы жайында сол Қытай жерінде қосы ауған өз өрен-жарандарымен ақылдасады. Ұ.Дос.

Posted in

ШЫРҒАҒА КЕЛДІ

~ Жәмеш бұрын жастықпен өзінің даусыз бақытына сенгендікпен паң болып тәкаппар болып, маңына үміт қылған бозбаланы дарытпай келсе де, енді мұның алдынғы өмірін ойлайтын мезгіл жетіп еді. Жұматай да, Қабыш та күн ілгері өткен сайын, Жәмешке ой түсер, шырғаға келер деп үміт қылатын. М.Әу.

Posted in

ШЫРПЫ (ШӨП) БАСЫН СЫНДЫРҒАН ЖОҚ (СЫНДЫРМАЙДЫ)

Өмірінде еңбек етіп көрмеген ақсаусақ не жалқау адам туралы. ~ Өзі масыл, оның үстіне ішер ауызды көбейткені болмаса өгей әке шырпы басын сындырған жоқ. Жаз шықса ішкі жаққа сал айдауға кететін, бірақ одан сабақты жіп кірген емес. Қ.Ысқ. ~ Осы үйдің отымен кіріп, күлімен шығатын жалшы әйелдермен жағаласып, әншейін ермек үшін оймақ алып кесте тіккендері болмаса, шырпы басын сындырған жоқ. О.Бөк. ~ Құданың құдіретінде шәк бар ма, ізгі ниеттерін жаратушы ие қолдап һәм ұлұғ сәруардың әулиелік қасиеті алқағандықтан шығар, олар шырпы басын сындырмаса да істері өрге басып өркендеп, байлықтары тасқындап лауазымдары биіктей беретін. Т.Сәу. ~ Өмірінде үйінен ұзап көрмеген бұның кәсібін айтсаңшы. Бастық шақырып алып тапсырма бермейінше шөп басын сындырмай отырады ғой, байқадың ба? Ғ.Қаб. ~ Ол жан қинап жұмыс жасамайтын кежір, шөп басын сындырмайтын кер жалқау кісі екен. Ү.Жәл.

Posted in

ШЫРҒАЛАҢҒА САЛДЫ

~ . Ішінің кімге бұратынын сездірмей, қоянның жымыңдай шырғалаңға сала келіп, «өзге жағын өздерің біліңдер» дегендей, билікті шығарушылар алқасының ықтиярына қалдырыпты. Т. Әл. ~ Мынау бұрын-сонды қырғыздарда болмаған, соңында көп салмақ, дауы мол, талай адамдарды шырғалаңға салатын, болыс емес, одан да жоғарыға дейін баратын қауіпті шағым екен. С.Жүн.

Posted in

ШЫРПЫ БАСЫН СЫНДЫРМАДЫ

Қол ұшын ештеңеге тигізбеді, түк істемеді. * Өзі масыл, оның үстіне ішер ауызды көбейткені болмаса өгей әке шырпы басын сындырған жоқ. Жаз шықса ішкі жаққа сал айдауға кететін, бірақ одан сабақты жіп кірген емес. Қ.Ысқ. ~ Құданың құдіретінде шәк бар ма, ізгі ниеттерін жаратушы ие қолдап һәм ұлұғ сәруардың әулиелік қасиеті алқағандықтан шығар, олар шырпы басын сындырмаса да істері өрге басып өркендеп, байлықтары тасқындап лауазымдары биіктей беретін. Т.Сәук. ~ «Алма піс, аузыма түс» деп, шырпы басын сындырмай шалқадан сұлап жатып алатын кержалқау мен құнтсыз езге қашан шыр бітіп көрген? Т.Сәу.

Posted in

ШЫРҒАЛАҢҒА ТҮСТІ

~ Уаң хан осылай шырғалаңға түсіп жүрген кезде, артындағы бағынышты болған меркіт елінің Құты, Шылауын деген екі ұлы өз адамдарын ертіп алып, айырылған әкесіне табысып, Шіліңгір өзеніне қарай жөнеледі. Ж.Шәк. ~ Бұл не? Түс пе? Өң бе? Кісі қазіргідей шырғалаңға түсіп, басы қатып жүріп түс пен өнді ажырата алмай, шатастырып алуы мүмкін ғой. Ә.Нұрп. ~ . Жұмаш та менен алыстап, ойыма сирек оралатын болған, мына шырғалаңға түскелі оны тіпті есіме де алған емеспін, өлі түгіл тірілерді ойлауға пұрсатым болып па. Т.Ахт.