~ Оның Боранбаев есімді қорқақты жазалағанын да жөн көрдік. Оның Бозжанов, Рахимов сияқты серіктерін де өзімізге үлгі тұттық. Ә.Нұрш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮЙСЕ КӨП, ҮЛЕССЕ АЗҒАНТАЙ
— Үйсе көп, үлессе азғантай дүние ғой. Үй басына шаққанда, төрт тоғызы бес қарадан келмейді. Таңсыққожа Әліқұл тұқымы жиырма шаңырақтан асқанын еске алып отыр. З.Шүк.
ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕ
* Ұлы — өз алдына үй, тракторшы, өзінікі өзіне жетеді. Қызы — мынау, кигені үлде мен бүлде. З.Шаш.
ҮЙТІП ЖЕ!
Қолыңнан келгеніңді қыл д.м. Ол итінді бұл ауыл көрмегелі алты ай болды ма, немене? Қайда тентіреп жүргенін білген кісі көргем жоқ. Ұстап ал да, үйтіп же! Арылғаным сол!- деді. М.Әу. Білгеніңді аяма! Қазақ қатындарының" күнтимесінен" талай рет дәм татқан "ызбырайымды" айызың қансаүйтіп же! А.Өтег.
ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕГЕ ОРАДЫ
Киер киім, ішер астан қақпады; ырысқа кенелтті, рахат өмір сыйлады. ~ Апыннан шүмек ойдырдым, Күмістен түбек қойдырттым… — деп Би Едіге — Ер Едіге айтқандай, кім баласын үлде мен бүлдеге орайын демейді? Ж.Айм.
ҮЙТІП ЖЕДІ
– Ол иттің ғана баласының аузын күншығыстан келтірмедім бар ғой! Ол қаңғыбасты іздетіп жібергелі мінебір жұма, әттең қолыма түсті бар ғой, тура үйтіп жеймін. С.Жүн. Жалбыр. Әбден айтам. Айтатын жерім келді. Алшынбай мен Ақтан қолынан келсе мені үйтіп жегелі отыр… Б.Майл.
ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕГЕ ОРАНДЫ (БӨЛЕНДІ, КИІНДІ, МАЛЫНДЫ)
1. Киер киімі, ішер асы алдында, ырысқа кенеліп, рахат өмір сүрді. * Мені үлде мен бүлдеге оранып отырған жерімнен мұнда, моланың ішіне кім әкелген?"- деді. М.б.Т. 2. Неше түрлі сипат алды; түрленді. Және ауыл арасында мұндай сөз үлде мен бүлдеге оранып, неше түрлі бояумен, мән-мағынамен тарайтынытағы бар. Ж.Айм.
ҮЙТПЕЙ ЖЕДІ
*Қауға сақал қазақ-орыс, қысық көз қалмақ, бақалшы татар-ноғай, өрік-мейіз сатқан өзбек-сарт, етікші ермелі, қыдырма қақол, жөйт, сығанға дейін аузын ашқан аңғал қазақты алдап-сулап, үйтпей жеп үйренген. Қанша есемді жібермедім дегенмен қыр қазағы сауда-саттыққа шорқақ. Бәсін білмегесін бәріне жем. Ү.Жәлеке.
ҮЛІҢГІР ЖАМЫЛДЫ
Үстімде үйім, бауырымда қазаным жоқ, әлі бойдақпын, жас отыздан асты. Қашан қатын алып, қашан балалыболарымды, қашан үйлі-үйелменді болып, үліңгір жамыларымды білмеймін. Қатын алу үшін қалың беру керек. Ондай мал менде жоқ, мажал да жоқ. Сонымен қызылбұт атанып, бас қатып жүрген жайымыз бар. Б.Қыд.
ҮКІ КӨЗ (КӨЗДЕНДІ)
~ Үкі көз командир манжамды шеңгелімен Мюлгаузенді иығының басынан ұстады. Ә.Нұрп. ~ Ертесінде жылқышы шал Кенжебектің үкі көзінен кертабан бір үмітсіз торығудың жылт еткен белгісін көріп жаны ерен құлазыды. А.Кем. ~ Бұл кіргенде Хан-Дауров сөзін кілт үзіп, дөңгелек үкі көзінің ашулы жанарын жылдам тастады. Ә.Нұрп. ~ Үкімет басшысының сөзін естіген Жөкең үкі көзденіп маған қарады да күліп жіберді. Д.Қуат.
